Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қазақстанда оқулықтарды гендерлік сараптамадан өткізу жоспарлануда

Қазақстанда 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы аясында оқулықтар мен оқу бағдарламасын гендерлік сараптамадан өткізу жоспарлануда.

Бұл туралы бүгін Астанада аталмыш тұжырымдама жобасын таныстыру кезінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлім етті.

«Білім беру саласында гендерлік теңдікті нығайту заңнамалық базаны жетілдіру, педагогикалық қауымдастықтың гендерлік сауалда құзырлылығын жоғарылату, бейінді нормативтік-құқықтық актілерді, оқулықтар мен оқу бағдарламаларын гендерлік сараптамадан өткізу арқылы қол жеткізіледі», - деді ол.

Сонымен қатар әйелдер мен әйелдердің жалақы айырмашылығын қысқарту, кәсіпкерлік қызметтің барлық түрлеріне қолжетімділікті кеңейту және гендерлік бюджеттеуді енгізу тетіктері жүзеге асырылады.

Тұжырымдама жобасының мақсаты - жыныс ерекшеліктеріне қарай зорлық көрсету оқиғаларын жою және Қазақстанның бітімгерлік миссиясына әйелдердің қатысуын ұлғайту.

Сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдардан бастап, отбасылық құндылықтарды нығайту бойынша идеологиялық жұмыс жүргізіледі. Министрлік ерлер мен әйелдердің тең серіктестігінің негізінде құрылған отбасылардың, отбасылық тәрбие және әке институтын дамытудың негізінде отбасы институтын нығайтуды көздеуде.

Тұжырымдаманы жүзеге асыру үш кезеңнен тұрмақ: 2017-2019 жылдар, 2020-2022 жылдар және  2023-2030 жылдар.

Автор: Жасұлан Жолдыбаев

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама