Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Оралхан Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі
Ақтау қаласы, №20 М.Әуезов атындағы жалпы білім беру мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Атшыбаева Ақкенже

Сабақтың тақырыбы: Оралхан Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі (2 - сағаты)
Жалпы мақсаты: Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді қолдана отырып, әңгіме мазмұнын меңгереді.
Күтілетін нәтижелер: Сөздік қорлары кеңейеді, ауызша және жазбаша сауаттылықтары артады, талдай біледі, топтық жұмыстың тиімділігіне көз жеткізеді. Ынтымақтастықтары артады. Адами ізгі қасиеттер қалыптаса бастауға әсер етеді.
Қолданылатын әдістер: Миға шабуыл, қызығушылықты ояту, топтық жұмыс, диалогтық оқыту, РАФТ әдісі, сұхбат, эссе жазу, зымыран сұрақтар, бағалау, кері байланыс.
Керекті жабдықтар: А4, А3 қағаздары, маркерлер, интертақта, топ ережелер, кеспе қағаздар.

Оқушылар оқылған шығармалардағы ауыл аттары бойынша топқа бөлінеді: (Қ. Ысқақ «Қоңыр күз еді», С. Мұратбеков «Жусан иісі», О. Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат») Топқайың, Ешкіөлмес, Салықсалған ауылдарына кейіпкерлер аттары(Аян, Садық, Жарықжұлдыз, Есікбай, Тортай, Ораш, Алтын, Қасым, т. б.) жазылған кеспеқағаздар бойынша бөлінеді.
‒ Оқушылар, бұл шығармаларда қай кез суреттеледі? (Соғыс кезі, соғыстан кейінгі кез) ‒ Олай болса, сол кездегі балаларды көзімізге елестете отырып, Т. Базарбаев пен Т. Молдағалиевтің «Қаздар қайтқанда» әнін тыңдайық.
Интерактивті тақтада: «Соғыстың соңғы жылдары... Жүдеу тірлік, мұңлы бала, зарлы әні, Арық өгіз, сынық соқа‒тұрманы.... Әйтсе дағы сол балалар, Солар еді... Қас батырлар тылдағы.»деген өлең жолдары жазулы. Интерактивті тақтадан слайдтар көрсетіледі. Онда ақ боз ат бейнесі және тапсырмалар кезегі көрсетіледі.. Ән тыңдайды. Ұлы Жеңістің 70жылдығы, сол кездегі балалардың қазірде 80 - 85 - тегі қарттар екендігін, олардың азайғандығын, т. б. айта келіп, О. Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесін өткен сабақта сыныпта «Мұражайға саяхат» әдісімен талдағандарын, мінездеме жазғандарын, Венн диаграммасын (Ораш - Тортай, Тортай - Аян) жасағандарын, бүгін мәтінмен жұмысқа қандай дайындықпен келгендерін айтады.

1 - тапсырма: Зымыран сұрақтар.
2 - тапсырма: «Салықсалған» аулына – сұхбат өткізу.«Тортаймен сырласу»
«Ешкіөлмес» аулына - РАФТ әдісі.
Р - Ораш. А - Тортайға. Ф - хат. Т - «Сен мінбеген ақ боз ат»
«Топқайың» аулына - эссе жазу. «Қас батырлар тылдағы»
Әр топ өзара талдап, дайындалады, жауап береді, жазба жұмыстарын оқиды. Топта бірін - бірі бағалайды. Кері байланыс береді.
Керекті сөздер: РАФТ
.... Тортай достым,...
... жүрегім сыздайды... мен кездестіріп көрген жоқпын
... ақылың мен оқығаның көп еді...
Менің ойымша,....... Біздер..... әке - шешенің қадірін.....
Ұзақ жылдар......
....... боларың сөзсіз еді... сен мінер ақ боз ат.... тақым......
... өкініш... келесі келгенімде.....
Керекті сөздер: сұхбат....... Сол кездер несімен қиын болды....
Сіздің ойыңызша,........................... қалай ойлайсыз,....... өкпе - ренішіңіз..... неге өкінесіз?.............. Ертегілеріңіз ылғи.... Армандаған ақбоз атыңызға...... Біздің заманымызда тірі жетім Тортайлар............................... тағдырларына кімдер кінәлі деп айтар............. бүгінгі қандай кеңес берер едіңіз?..........
Керекті сөздер: эссе жазу. Бала батырлар.......
Біз оқығандай,..... ер – азаматтар...... елдің.... жүгі......... қатпаған нәзік иығы..... өгізге....... жеңіске үлес қосып....... Кейбір қатыгез адамдар......... пайдаланып,..... ұрланған балалық........ ерте есейген......... Менің ойымша,....... азайып......... солардың алдында....... Жеңістің 70......
Үйге тапсырма: О. Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі бойынша сөз қисыны мен сөз әрлеуіне талдау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама