- 05 нау. 2024 04:04
- 167
Ормандағы жәндіктер
Ашық сабақ
Тақырыбы: Ормандағы жәндіктер
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Білімі: Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: Ормандағы жәндіктер
Мақсаты: Балаларды жәндіктер әлемімен таныстыру, пайдасын түсіндіру, білімдерін толықтыру. Модульдік технологияны қолданып баланың танымын, қызығушылығын арттыру.
Міндеттері:
• Балалардың білік - дағдысын одан әрі арттыра түсіру;
• Сөздік қорын молайтып, ойлау қабілетін дамыту;
• Жәндікті қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Қолданылатын құралдары мен көрнекілігі: Ара және құмырсқа суреттері, орман бейнесі, ағаштар, орман дыбысы, ара дыбысы, пиктограмма сызбасы, қарындаштар, альбом, сөмкелер, бас киімдер, бірнеше жемістер, Венн диограммасы, жол, ара ұясы, құмырсқа илеуі т. б
Билингвалды компанент: ара - пчела - bee, құмырсқа - муравей - eurodean
Қолданылған технологиясы: модулдік технология
Мативациялық қозғаушы: Топта әдемі әуені орындалады, балалар топқа кіреді. Қимыл арқылы сәлемдесу жаттығуын жасай отыра, өлең шумақтарын орындайды.
Балалар біз бүгін орманға саяхатқа шығамыз, орманда жәндіктер тіршілігімен танысамыз.
Орман әуені орындалады.
Ұйымдастырылған ізденіс
Балалар жолға шығып, жолдарында бірнеше аю, құстар және құмырсқаларды кездестіреді. Балалар бұл табиғат тіршіліктері өз үйлерін таба алмай жүр екен, сендер оларға көмектесесіңдер ме?
Олай болса балалар құмырсқаның илеуін іздеуге шығайық, деп жолға шығады.
Балалар бұл құмырсқа илеуі. Қолдарына ұлғайтқышты алып оларға қарап көрейік. Мына илеуде өте көп құмырсқалар тұрады, бұл жұмыскер құмырсқалар, олар еңбекқор, өздерінен үлкен азықтарын жұмыла көтеріп илеулеріне тасиды. Оларды қолмен ұстап, аяқпен басуға болмайды. Жәндіктерді қорғап жүрулерін керек.
- Құмырсқаның дене мүшелерін айтып беріңдерші?
Енді альбомдарынды алып, бұл жәндіктің суретін салып көрейік.
Балалар суреттеріңді салып болсаңдар, жолға шығайық.
Қәнекей, балалар жәндіктерді атап, жекеше - көпше түрлерін атайықшы. Жолымыз көңілді болсын.
Балалар қараңдар, аралардың дыбысы шығып жатыр, мына ағашта аралардың ұясы ілініп тұр, ұяның ішінде көп аралар бар, оларға аса жақындауға болмайды, шағып алулары мүмкін, бірақ олардың пайдасы өте зор. Аралар гүлдерді тозаңдандырады, гүлдердің жайқалып өсулеріне пайдасын тигізсе, сол гүл тозаңдарынан адамдарға пайдалы бал жасайды, балды біз тағам, дәрі - дәрмек ретінде де қолданамыз.
Олай болса араны пиктограмма кестесі арқылы зерттеп көрейік. Араның суретін кесте үстіне қойып сұрақтарға балалар жауап айтады:
- бұл не?
- құрлысы?
- түсі қандай?
- көлемі?
- қорегі не?
- қимылы қандай?
- оған деген қарым - қатынастарын қандай?
Сергіту сәті
Ұзын мұртты құмырсқа,
Келе жатты жұмысқа.
Алды допты қолына,
Қойды допты орнына.
Онға, солға қарады,
Үлкен тау деп ойлады.
Ал, балалар енді араның суретін салайық.
Павлодар қаласы
МҚКК №7 сәбилер бақшасы
Орындаған: Кузкенова А. А.
Ормандағы жәндіктер жүктеу
Жәндіктер слайд жүктеу