Өсімдіктің көптүрлілігі
"Ғ. Мүсірепов атындағы орта мектебі"КММ
география пәнінің мұғалімі Искаков Елубай Сагитович
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің көптүрлілігі мен маңызы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Өсімдіктердің өсіп өну жағдайлары, тіршілік ету ортасына бейімділігі
Дамытушылығы: Өз бетінше жұмыс істете отырып ой - өрісін, ойлау қабілетін дамыту
Тәрбиелілігі: Оқушыларға өсімдіктер әлемі туралы білімдерін тереңдету, өсімдік маңызы, өсімдіктерді қорғауға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Көрнекілігі: суреттер, оқулық, интерактивті тақта, қосымша материалдар
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Табиғат - ол анамыз,
Табиғатқа баламыз.
II. Үй жұмысын қорытындылау.
1. Жануарлар арасындағы қарым - қатынас бола ма? Мысал келтір.
2. Жануарлардың бір - бірін жеуі.
3. Симбиоз дегеніміз не?
4. Адам денсаулығына зияны бар жануарлар? /слайд/
III. Жаңа сабақ
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Өсімдіктердің көптүрлілігі мен маңызы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өсімдіктер әлемі туралы білімдерін тереңдету, өсімдік
маңызы, өсімдіктерді қорғауға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Ой қозғау. Сабақты бастамас бұрын мыналарды еске түсірейікші.
Өсімдік туралы не білеміз? Қандай түрлері ба?
IV. Оқулықпен жұмыс
1) Мұғалім түсіндіруі
2) Тізбектеп оқу
3) Сөздік жұмыс
Мұғалім түсіндіруі. Жер бетінде өсіп тұрған өсімдіктердің барлығын өсімдік жамылғысы немесе флора дейміз. Өсімдіктің жер бетінде шамамен 0, 5 млн түрі бар. Қазақстанда шамамен 6000 түрі бар. Олар бір - бірінен пішіні, құрылысы, өмір сүру ұзақтығы, көбею ерекшелігімен таралу аймағы жағынан ажыратылады. Ұқсастығы олардың түсінің жасыл болуында.
Тіршілік үшін өсімдіктің маңызы. Өсімдіктерді суда өсетін, топырақта өсетін, жер астында өсетін, жер бетінде өсетін деп бірнеше топқа бөлуге болады. Топырақ, өсімдіктері — бактериялар, балдырлар, кейбір саңырауқұлақтар. Бұлар топырақ құнарлылығын көтеруде маңызды роль атқарады. Жер асты өсімдіктері бактериялар түрінде кездеседі және 3 км тереңдікте болады. Жер беті өсімдіктерінің 500 мыңдай түрі кездеседі. Олардың көпшілігін адам баласы пайдаланады жеке өсіп, молая беруіне жағдай жасап отырады. Өсімдіктер айырмашылығына қарай екі сатыға бөлінеді. Төменгі және жоғары сатылы өсімдіктер.
Төменгі сатылы өсімдіктер: балдырлар. Балдырларда бізге таныс тамыры, сабағы, жапырағы, гүлі болмайды.
Жоғары сатылы өсімдіктерге: мүк, қырыққұлақ, жалаңаш тұқымдылар, жабықтұқымдылар жатады. Өсімдіктің гүлдері мен жемістері түсіне қарай алуан түрлі болады. Оларды гүлді өсімдіктер дейді. Жалпы саны 250мыңға жетеді. Жер шарының барлық жерінде тараған. Кейбір өсімдікте гүлі болмайды.
Жапырағы тікенек тәрізділердің ішінде көп тарағаны – қылқанжапырақты ағаштар. Шырша, қарағай, майқарағай, балқарағай, самырсын, секвоя, арша, саур ағашы.
Гүлді өсімдіктер және жабық тұқымдылар алуан түрлі. Раушангүл, кактус, терек, пальма, астық тұқымдастар мен жауқазын. Өсімдіксіз адамдар да жануарлар да өмір сүре алмайды. Өсімдіктің ең үлкен маңызының бірі барлық тіршілікке оттегін бөліп шығаруы.
Олар біздің экологиямыздың сақталуы үшін ғана емес, экономикамыздың дамуында да зор роль атқарады. Сондықтан да, жер үсті өсімдіктерін қорғау — басты міндеттің бірі. Өсімдіктер жердегі өмірдің бірінші кезі. Өсімдіктер табиғатта фотосинтез жүргізу үшін керек. Фотосинтез — күрделі биологиялық процесс, яғни өсімдіктер өздерінің көгілдір пигменті — хлорофилдің көмегімен күн көзінің энергиясын жинап алады да, оның күшімен көміртегі газын және суды өзгертеді. Осынын, нәтижесінде мол органикалық қосылыстар түзеді. Мұның өзі күн көзінің энергиясын химиялық байланыстар энергиясына айналдырады.
Бүл құралған органикалық қосылыстар тікелей немесе басқа нәрселердің көмегімен басқа организмдерге тамақ болады. Дәлірек айтқанда, жасыл өсімдіктер фотосинтез процесін атқара отырып, жерде өмірдің дамуы, гүлденуі үшін маңызды роль атқарады, өмір сүрудің бірінші көзі болып табылады. Сол себепті өсімдіктерді қорғау жердегі өмірді қорғаумен пара - пар. Шамамен алғанда адамдардың көмегімен өсімдіктердің көптеген түрі пайда болды. Бұндай өсімдіктер мәдени өсімдіктер деп аталады. Демек, адамның азығы және денсаулығының қайнар көзі - өсімдік. Өсімдік ауаны әр түрлі шаң - тозаңнан тазартады. Қарағай, пияз, сарымсақ сияқты өсімдіктер ерекше фитонцид деген затты бөліп шығарады. Ауру қоздырушы бактерияларды өлтіреді. Сонымен бірге дәрі - дәрмекке, құрылыс материалдары ретінде пайдаланады.
V. Дәптермен жұмыс.
«Өсімдік жердің жасыл көрпесі» - шағын эссе жазу
Өсімдіктердің адам өміріндегі рөлі:
1. Пайдалылығы...................................
2. Зияндылығы......................................
VI. Сен білесің бе?
1. Ең биік, әрі жуан ағаш - қылқан жапырақты секвойя, биіктігі 140м, диаметрі
10 метрден асады.
2. Ең жеңіл ағаш - Бальса ағашы Ұзындығы 50м, адам қиналмай иығына салып көтереді.
3. Ең алып жапырақ - Виктория регия өсімдігінің жапырағыАмазонка өзенінде өседі.
Ені 2 метр, бірақ суға батпайды.
4. Ет жегіш немесе жәндіктермен қоректенетін өсімдіктер - 400 - дей түрі бар. Мысалы: саррацения, шықшөп, непентес
5. Ең алып гүл - Арнольд раффлезиясы. Гүлінің диаметрі бір метр, салмағы 10 кг - нан асады.
VII. Өзіндік жұмыс.
Кестені толтыр

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.