Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
«Оскар-2026»: кімдер үздік атанды?

Америка киноакадемиясы «Оскар-2026» сыйлығының иегерлерін жариялады. Биылғы жылы басты жүлделерге танымал жұлдыздар мен жаңа есімдер таласты. Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Оскар-2026» марапаттау рәсімі 15-нен 16 наурызға қараған түні өтті. Бас жүргізушілікке Конан О'Брайен қайта оралды. Биылғы марапаттауда бірнеше номинацияны «Грешники», «Битва за битвой», «F1» және «Простая случайность» фильмдері иеленді. Бұл туындылар алдағы марапаттау рәсімінің басты фавориттері қатарынан көрінді.

Басты номинациялар мен жеңімпаздар

Үздік екінші пландағы әйел рөлі: Эми Мэдиган — «Орудия».

Үздік екінші пландағы ер рөлі: Шон Пенн — «Битва за битвой».

Үздік бейімделген сценарий: Пол Томас Андерсон — «Одна битва за другой».

Үздік актриса: Бұл санатта Джесси Бакли («Гамнет»), Роуз Бирн («Я бы тебя пнула, если бы могла»), Кейт Хадсон («Мелодия из мечты»), Рената Рейнсве («Сентиментальная ценность») және Эмма Стоун («Бугония») сынға түсті.

Үздік актер: Тимоти Шаламе («Марти Великолепный»), Леонардо Ди Каприо («Битва за битвой»), Итан Хоук («Голубая луна»), Майкл Б. Джордан («Грешники») және Вагнер Моура («Секретный агент») номинацияланды.

Үздік режиссер: Райан Куглер («Грешники»), Пол Томас Андерсон («Битва за битвой»), Хлоя Чжао («Гамнет»), Йоаким Триер («Сентиментальная ценность») және Джош Сэфди («Марти Великолепный») бақ сынады.

Үздік оригинальды сценарий: Райан Куглер — «Грешники».

Үздік анимациялық фильм: «Арко», «Элио», «Кей-поп-охотницы на демонов», «Маленькая Амели», «Зверополис 2» номинацияланды.

Үздік толықметражды анимациялық фильм: «Кей-поп-охотницы на демонов».

Үздік қысқа метражды анимациялық фильм: Крис Лавис пен Мачек Щербовский («Девочка, плачущая жемчужинами»).

Үздік қысқа метражды көркем фильм: Сэм А. Дэвис пен Джек Пиатт («Певцы»), Александр Сингх пен Натали Мустеата («Два человека, обменивающиеся слюной»).

Үздік кастинг: Бұл номинацияда «Оскар» алғаш рет табысталды. «Битва за битвой» фильмінің кастинг-директоры Кассандра Кулукундис жеңімпаз атанды.

Үздік костюм дизайны: Кейт Хоули — «Франкенштейн».

Үздік грим және шаш үлгісі: Майк Хилл, Джордан Сэмюэл және Клиона Фьюри — «Франкенштейн».

Үздік шетелдік фильм: «Секретный агент», «Простая случайность», «Сентиментальная ценность», «Сират», «Голос Хинд Раджаб» номинацияланды.

Үздік визуалды эффектілер: «Аватар», «F1», «Возрождение мира Юрского периода», «Потерянный автобус», «Грешники» номинацияланды.

Үздік музыкалық сүйемелдеу: «Бугония», «Франкенштейн», «Гамнет», «Битва за битвой», «Грешники» номинацияланды.

Үздік ән: «Dear Me» («Дайан Уоррен: Неумолимая»), «Golden» («Кей-поп-охотницы на демонов»), «I Lied to You» («Грешники»), «Sweet Dreams of Joy» («Viva Verdi»), «Train Dreams» («Сны поездов»).

Үздік фильм: «Бугония», «F1», «Франкенштейн», «Гамнет», «Марти Великолепный», «Битва за битвой», «Секретный агент», «Сентиментальная ценность», «Грешники», «Сны поездов» номинацияланды.

Киносыншылар Леонардо Ди Каприоның «Битва за битвой» фильміндегі рөліне ерекше назар аударды. Бұл номинацияда жеңімпаз атанса, актердің мансабындағы екінші «Оскары» болады.

Жаңалықтар

Жарнама