Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Өскіннің пайда болуы. Тұқымның өнуіне қажетті жағдайлар
Мұғалім: Тауова Нұрсұлу Раулқызы
6 сынып
Сабақ тақырыбы: Өскіннің пайда болуы. Тұқымның өнуіне қажетті жағдайлар.
Сабақ мақсаты: Өскін және тұқымның өнуіне қажетті жағдайлар туралы білімдерін кеңейту;
Сілтеме: Бағалау парағы Ғаламтор биология журналдары
Табыс критерийі: 1. Қосжарнақты және даражарнақты тұқымның құрылысын сипаттай алу;
2. Өскін және тұқымның өнуіне қажетті жағдайларға түсінік беру;
3. Тұқымның өнуіне қажетті жағдайларды тәжірибе арқылы дәлелдеу;
Күтілетін нәтижелер 1. Қосжарнақты және даражарнақты тұқымның құрылысын сипаттай алады;
2. Өскін және тұқымның өнуіне қажетті жағдайларға түсінік бере алады;
3. Тұқымның өнуіне қажетті жағдайларды тәжірибе арқылы дәлелдей алады;

І. Ұйымдастыру кезеңі:
Түстер арқылы топқа бөлу; а) Оқушыларға психологиялық көңіл - күй туғызу
ә) Топқа бөлу

ІІ. Өткен тапсырманы еске түсіру
Білу. 1 тапсырма:
Қосжарнақты және даражарнақты тұқымның құрылысы туралы білімдерін кеңейту;
Ой шабуылы" сұрақтары:
1. Дара жарнақты тұқымның құрлысы:
2. Қос жарнақты өсімдік:
3. Дара жарнақты өсімдіктерге жатпайды:
4. Дара жарнақтылардың тұқым жарнағы қандай қызмет атқарады:
5. Эндосперм жасушаларында жиналады:
6. Ұрық тұрады:
7. Дара жарнақты өсімдік:
8. Дәнектің едәуір бөлігін:
9. Тұқымды кеуіп кетуден, мезгілсіз өнуден, зақымданудан, шіруден сақтайды:
10. Қоректік заттар қоры жиналады:

ІІІ. Жаңа тақырып
Түсіну. 2 тапсырма: Өскін және тұқымның өнуіне қажетті жағдайларды түсіндіріп, білімдерін кеңейту;
"Рөлдік ойын" әдісі
Кебу тұқым өну үшін су, жылу, ауа қажет.
Су – тұқымның өнуіне, шығымдылығын сақтауға, бөртуіне қажет. Тұқымның жасушасында суды сіңіретін крахмалды, нәруызды заттар көп. Судың сіңірілу мөлшері тұқымның сыртындағы қабығына байланысты. Қабығы неғұрлым тығыз, қатты болса, соғұрлым су баяу сіңеді. Тұқымның ісініп жарылуына, қоректік заттарын сұйылтып, ерітіндіге айналуына су керек.
Жылу – тұқымның өнуі үшін қажет. Бидай, қарабидай, арпа, сұлы, зығыр, беде, жоңышқа, асбұршақтар үшін ең төменгі температура 1 - 5°С. Жүгері, күнбағыс тұқымдарына + 10°С. Асқабақ, қауын, қияр, күріш, мақта, темекі +15°С - та өнеді.
Тұқымның өнуі дегеніміз ұрықтан өскіннің дамуы. Суға салынған тұқымның тыныс алуы жылдамдайды. Ұрықтың қоректенуіне оңай болу үшін қоректік қор заттары ерітіндіге айналады. Сыртындағы қабығы жарылып, ең алдымен ұрықтың алғашқы тамыршасы төмен қарай бағытталады. Топыраққа бекініп, су мен еріген минералды заттарды өзіне сіңіріп сора бастайды. Қос жарнақты тұқымда ұрық тамыршасынан алдымен негізгі тамыр өседі. Тамырдан соң бүршікшесі жер бетіне шығып, алғашқы жапырақтың қызметін атқарады. Дара жарнақты өскінде қосалқы тамырлар шығады (1 - сурет).
Топырақта қалатын тұқым жарнақтары жаңа дамып келе жатқан өскіндерді қорекпен қамтамасыз етеді. Дара жарнақты тұқымдардың өскіндерінде (жүгері, құмай, тары) бір немесе бірнеше (бидай мен сұлыда – 3, қарабидайда – 4, арпада – 5, 6) ұрық тамыршасы болады. Жер бетіне шыққан өскін біз тәрізді үшкір келеді. Алғашында сыртын жұқа жарғақ қаптап тұрады. Кейін жарғағы жыртылып, нағыз жасыл жапырақ дамиды. Топырақ бетіне шыққан сабағы мен жапырағы бар жас өсімдікті – өскін дейді.

Қолдану. Талдау. 3 - тапсырма: Тұқымның өнуіне қажетті жағдайларды тәжірибе арқылы үйрену;
"Жұптық әңгіме" әдісі
1 - тәжірибе. Тұқымның өнуіне су, жылу, ауа қажет.
Жинақтау. Бағалау
Жаңа сабақ бойынша бойынша алған білімдерін жинақтау: "Сөз сайысы ассоциациялары"" әдісі
Оқушылар бойынша алған білімдерін жинақтау:
Бидай мен сұлыда ұрық тамыршасы:
Бидай, қарабидай, арпа, сұлы, беде, жоңышқа, асбұршақтар үшін ең төменгі температура:
Жемістері қақырағыш ширатылғыш өсімдіктер:
Таңқурай, бүлдірген, долана өсімдігінің таралу жолдары:
Өздігінен таралатын өсімдік:
Өскін:
Асқабақ, қауын, қияр, күріш, мақта, темекі өнуі үшін керек температура:
Жылу:
Тұқымның өнуі дегеніміз:
Тұқымның өнуіне, бөртуіне қажет:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама