Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 20 сағат бұрын)
Отбасы – ақындар өлеңінде
Тәрбие сағатының тақырыбы: Отбасы – ақындар өлеңінде
Тәрбие сағатының мақсаты:
1) Білімділік: Отбасындағы қарым — қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның қандай болу керектігін кеңінен түсіндіру.
2) Дамытушылық: Отбасы, әсіресе ақындардың өлеңінде кеңінен орын алатынын ұғындырып, оқушылардың бақытты жанұяға деген қызығушылығын арттыру.
3) Тәрбиелік: Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының әдісі: кеш
Тәрбие сағатының көрнекілігі: сурет, бейнетаспа т. б.

Сабақ барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Оқушыларды отбасының бірлігін сақтап, ата — ананың алдындағы парызын өтеуге, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылып отырған «Отан – отбасынан басталады» аталатын тәрбиелік іс - шараға қош келдіңіздер!

Адамзат бесігін тербеткен ұя
Үлгі – өнеге бастауы
Жағымды қасиеттерге баулиды
Отбасы — адамзат бесігін тербеткен ұя болса,
«Баланың бас ұстазы — ата — анасы».

Бұлар балаға отбасылық өмірдің қыры мен сырын, тылсым дүниенің жұмбақтарын танытып, жағымды қасиеттерге баулиды. Себебі, отбасы — таным бесігі, отбасы — үлгі — өнеге бастауы. Ата — ананың үйдегі қарым — қатынасы, киім киісі, мінез — құлқы бәрі — бәрі балаға үлгі. Өйткені, «Қарағайға қарап тал өседі, жанұяға қарап бала өседі», «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі». Бала отбасында «Әкеден – ақыл, анадан — мейір алады». «Әке — асқар тау болса, ана — бауырындағы бұлақ, ал бала — жағасындағы құрақ». Осы бір үш сөз әке, ана, бала — отбасы ошағының үш тағаны іспеттес. Бала тәрбиесі — бесіктен.

Ендеше «Бақытты отбасы» деген не? Осыған жауап іздейік. Ондай болса мына бір бейнероликке көңіл аударайық.
«Бақытты отбасы» бейнероликті көрсету.

Сондықтан да әрбір ата — ана баласына кішкентай күнінен бастап еңбекпен тапқан нанның тәтті екенін ұғындырып, баланың артық қылығын бақылауға алып, бос уақытына назар аударып, барлық жағдайды жылы сөзбен түсіндіріп отыру керек. Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбиелеушілік міндеті, оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі – баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік - мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке - шешенің ең маңызды міндеті.
Балалардың үздіксіз дамуы, шығармашылық қабілетін іске асыруы отбасынан басталады. Әке - шеше балаларына жақсы тәрбие беруге қоғам алдында жауапкер.

Ондай болса төмендегі «Ару ана» әні сіздерге Комиссарова Сағыныштың орындалуында арналады.

Кейінгі кезде қалыптасқан «білім мектептен басталады» — деген көзқарас дұрыс емес. Бұл процесс отбасынан басталуы керек. Біздің айтайын деп отырғанымыз, кітапқа деген сүйіспеншілік, кітап оқу әдеті, кітап оқудан алатын қанағаттанушылық және кітапсыз өмір сүре алмауға баулу – нағыз «отбасылық дүние». Қазіргі ақпараттық технологияның даму, Интернеттің өмірімізде жаппай кең өріс алу кезеңінде «Мұның қажеті не?» — деген сұрақ туары сөзсіз. Өте дамыған мемлекеттердің барлығы дерлік балалардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуге көп көңіл бөлуде. Өйткені, тек оқырман ортасы «ойшыл, саналы» орта болып табылады. Кітап оқу — әрбір баланың бойындағы әлеуметтік бағалы қасиеттерін дамытып, жағдайды тура бағалай білетін, жылдам және дұрыс шешім қабылдайтын, еркін жазатын және сөйлейтін, анық тұжырымдай алатын адамды қалыптастырады.
Олай болса біздің жазушыларымыз жазған көркем әдебиеттерге көз жүгіртіп көрейік.
10 «В» сынып оқушылары ақындардың өлеңдерін оқиды.
Анам маған:- Үлкенді сыйла,- деген
Анам маған: - Үлкенді сыйла, — деген,
Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.
Үлкендерден ауысқан кішілікті,
Үлкендердің өзіне сыйға берем.
Атамнан қалған мұра – ізеттілік,
Арымды соған қойған күзеттіріп.
Адалдық – менің сәби Айбарым ғой,
Маңдайынан жүргені жүз өптіріп.
М. Мақатаев

Ақ мамам
Еркелесем, күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп менің,
«Құлыншағым, күнім!» —
дейтін.
Әлемдегі ақылды адам,
Бәрінен сол жақын маған!
Ол жанымда жүрсе, мен де
Батырларша батылданам.
Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан қылып.
Ақ мамамды мен әрқашан
Жүрсем деймін шаттандырып.
Ф. Оңғарсынова

Оларды оқи отырып та отбасылық тәрбие жайлы көптеген мағлұмат аламыз

Бүгін бізге қонаққа жігіттер келіп отыр. Олар сіздерге «Біртүрлі жанұя» деген көріністі ұсынбақшы.
Ал бала да өзін ойландыратын мәселені ата — анамен ақылдасып шешу керек, артық қылықтың ата — анаға әсер ететінін, ата — ананың баласына жамандық тілемейтінін ұмытпау керек.

ІҮ. Сонымен құрметті қонақтар!
Тәрбиелік іс - шарамыздың басында айтып өткеніміздей «Бақытты жанұяның» моделін жасайтын сәт те келіп жеткен секілді. Сонымен, бақытты отбасы болудың негізгі шарттарына нені жатқызар едіңіздер?

ҮІ. Қосымша айтарымыз, бала тәрбиесінде ата — ананың ғана емес, ұстаздардың да рөлі зор. Ендеше, құрметті ата - аналар! Сіздерден сұрайтынымыз балаларыңыздың ұстаздарымен, мектеппен үнемі, жиі байланыс жасауларыңызды сұраймыз. Сонда ғана сіздің балаңыз тәрбиелі де тәртіпті болып өседі.
Сонымен мен бүгінгі тәрбиелік іс - шарамызды

Ата - ананың арманы
Қипақтайды қит етсе анаң, әкең:
— Қайтсем ғана осыны адам етем?
Басқалардың осындай балалары,
Тап осындай жаңғалақ, шала ма екен?
Ойын емес, оллаһи, біздікінің
Енжарлығы – елде жоқ – ала бөтен… деп аяқтағым келеді.
Алматы қаласы, Алатау ауданы,
№151 ЖББ мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Худайбердиева Зульфия Тохтарқызы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама