Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Отбасы - бақыт пен шаттықтың мекені

    Отбасы... Отбасы деген нәзік те жүрек тебірентер сөзді естіген кезде көз алдыма асқар тау-әкем, аяулы-анам, бар бағым-бауырларым, бір сөзбен айтқанда жаныма жақын жандарым елестейді. «Жанұясыз адам-жеміссіз ағаш секілді» дегендей мен отбасымсыз өз өзімді елестете алмаймын да. Барым да нарым да-отбасым. Отбасымда төрт адам болса да,осы төрт адам менің аяулы да ардақты асылдарым. Осы төрт адамнан биік тұрар ешкім жоқ.

   Әкем-асқар тауым. Мені мақтайтын да,бар еркеліктерімді көтеретін де, анда санда бір ұрсып алатын да-әкем. «Қыз бала әкесіне жақын болады» деген рас екен. Бір ағаттық жасасам да,бір зат қажет болса да ылғи әкеме айтамын. «Әкеден-ақыл,анадан-мейір» дегендей отбасымызда әкем әрқашан да өз ақылын айтып отырады.Отбасыда әке ерекше рөл атқарады. Себебі:әке отбасының бар ауыртпалығын көтеріп, барлық жағдайын жасап, балаға тәлім-тәрбие үйретіп отыратын адам. Қыз балалар көбінесе «әкемнің қызымын» деп мақтана айтады. Бұл әрине «Қыз бала әкеге жақын болады» деген сөзді растайды. Отбасыда ешкім әкенің орнын баса алмайды. Себебі: әкеміз біздің ақылшымыз да,қорғанымыз да, тірегіміз де.

Өмір жолдың болса да көп астары,

Әкелермен биік елдің аспаны.           

Қашанда да құрмет тұтқан аналар

Шаңырақтың иесі олар,бастауы.           

Солар жайлы болса кейде жыр басы,   

Дейді ме әке ұрпаққа сыр тыңдашы.

Өзгерсе де уақыттың сан өрнегі,

Аласармас Әкелердің тұлғасы!         

Ғабиден Қожахметтің осы өлең жолдарын өз әкеме арнағым келеді.

     «Анасыз үй-көңілсіз күй» деп қазақ даналары бекер айтпаған. Ана-отбасының жүрегі. Менің анам-жаныма жақын,асыл жанды ардақты адамым. Кішкене кезімнен бастап менің қасымнан табылып, түн ұйқысын төрт бөлген, маған барлық ізгі қасиетерді үйреткен- анам болатын. Ана сөзі мәңгі жүрегімде сақталады және ешқашан өшпейді. Ана деген сөзді естіген кезде ет-жүрегім елжіреп, әп сәтте анам есіме түседі. Әрине,қыз баланың әкесіне айта алмайтын бөлек сырлары болады. Осы сырларымды бүкпесіз анама айтамын. Қазірге сәтте анам менің досым,құрбым,сырласым. Анам қашан да өзінің тәжірибелерімен бөлісіп,маған үйретіп отырады. Анамды шын жүрегіммен жақсы көремін! 

Нұрын шашқан күнімсің ғой жан анам,         

Бар шуағын баласына арнаған.                   

Бір өзіңнен қуат алып өмірде                 

Сенің салған сара жолды жалғағам. Берикболова Бекзаттың осы өлең жолдарын жан анама арнаймын.

  Бар асылдарым- бауырларым. Менің жалғыз ғана ағам бар.Ағам менің әкемнен кейінгі қорғанышым,тірегім,қорғаушы батырым. Маған өзінің ақылын айтып,дұрыс емес істерімді ескертіп отырады. Ағам менің әрқашанда қорғаушым,батырым,тірегім болып қала береді. «Ағасы бардың жағасы бар» дегендей ағам менің әрқашанда қолдаушым. 

   Міне, осы үш-ақ адамның менің өмірімде алатын орны өте ерекше. Осы үш адамды шексіз жақсы көремін. «Отбасының сәні-сыйластық» дегендей әр отбасыда бірлік,татулық,сыйластық,сүйіспеншілік болу міндетті. Дүниедегі барлық адамдарға айтарым отбасымызды сыйлайық,жақсы көрейік, құрметтейік,әрқашан да қадірін білейік. Дүниеде отбасымыздың орнын ешкім де,еш нәрсе де баса алмайды.

Қаратөбе мектеп-гимназия
Дайындаған:Ғабдоллаева Гүлназым Қайратқызы
Жетекшісі:Есетова Ақгүл Қаршығақызы


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама