Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін

Туған ел.... Туған жер... Осы екі сөзде ғана қаншама ой,мағына жатыр десеңізші? Туған жердің қадірін әркім әрқалай түсінетін шығар. Туған жерге деген сүйіспеншілік өз үйіңді,өз шаңырағыңды қадірлеуден басталады. Отбасыңда бойыңа дарыған жақсы қасиеттер өсе келе туған жерге деген сүйіспеншілікке айналады. Ақындар жырға қосып жырлағандай,туған жер маған күш-қуат беріп,өз өлкемнің жанашыры болуына шақырады.Мен өз балалық шағымды өткізген аяулы мекенім туған жерімді ыстық сезіммен,шын жүрегіммен сүйемін. Мен үшін туған жер дүниедегі ең ұлы деген нәрселермен пара-пар.Себебі-мені жылытып әлпештеп өсірген анам,аялап өсірген әкем,аға-әпкелерім,туған-туыстарым,достарым,маған білім беріп,білім жолына жетелеген ұстаздарым,дүниеге келген жерім. Менің отаным-аса үлкен болмаса да,мен үшін аса қымбат,әрі киелі жер-Орал қаласы. Осы мекенде мен өзімнің бейкүнә,көңілді де шаттыққа толы,уайымсыз балалық шағымды өткіздім. Туған өлкем-Оралымның ауасы,алғаш балабақшаға келген күндерім,мектеп табалдырығын алғаш қадам басқан сәттерім,сыныптастарым мен достарыммен өткізген әр уақытым,таныстығым.. Бәрі де әлі есімде. Туған жердің ауасы да,суы,жайлаған жасыл желегі,күні мен түні,даласы ыстық болып келеді. Туған жерімізден жыраққа,алысқа кетсең туған жерімізді,үйімізді сағынып отырамыз. Тезірек қайта оралатын күнді асыға күтеміз. Қайта оралған сәтте өзіңді бақытты сезінесің.Туған жердің саған қаншалықты қымбат екенін сол уақытта түсінесің. Шықшы тауға,қарашы кең далаға, Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға. Ол шеті мен бұ шетіне жүгірсең Шаршайсың ба,құнарың бір қана ма?-деп Қасым Аманжолов атамыз өлең жолдарымен жырлағандай «Туған жердің қадірін,шетте жүрсең білерсің. Сондықтан-да мен барша азамат пен азаматшаларды туған жерді сүюге, қастерлеуге,қорғауға шақырамын. Әр адам өз елі,жері үшін жанын қиюға дайын болуы тиіс. Отан қадіріне жетпеген,өз қадіріне жетпейді.

Қаратөбе мектеп-гимназиясының 8б-сынып оқушысы Кулакан Жұлдыз

Жетекшісі:Алтаева Жайнагүл


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама