Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Өтірікке әкесінен асқан бала

Бір кісі өмір-өміне өтірікке ешкімді алдына салмаған суайт екен. Бұл кісі баласын баулып өзіндей өтірікші қылыпты. Баласы әкесінен де өтірікке астам болыпты. Әкесі баласының асқандығын барлайын деп бір күні дөңде тұрып баласына жорта:

— Балам, көзім жетіңкіремей тұр, анау қабақтағы бұл дыраған киік пе? — десе, баласы:

— Е, ананы айтасыз ба? Ол киік емес, арқар екен, бауырында екі қозысы еміп тұр, — депті. Әкесі:

— Қырқаның желкесінен барсақ, жақындап көргендейміз, — десе, баласы:

— Әй, әке-ай, әбден-ақ көзіңіздің жанары кеткен екен ғой. Осы тұрған арыстандай арқарды көре алмадыңыз ба? Арғы қырқаның берісінен, бергі қырқаның арысынан баспаға барсақ, қақ желкесінен шығамыз, — депті де, әкесін жіберіпті. Әкесі шын нанып айтқан жерімен барып қараса, арқар түгіл түк те жоқ екен. Артынан келген баласына әкесі:

— Қане, балам, арқарың? — десе, баласы:

— Арбаңдап қашқанын да көрмей қалып па едіңіз, көзіңіз әбден болдыраған екен, — депті. Сонда әкесі:

— Балам, өтірікке баулуың әбден жеткен екен, өзімнен асқан екенсің, — деп батасын беріпті.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама