- 11 нау. 2020 00:00
- 192
Өткір тілді аналар
Найманның Жырық руынан Аймырзаның Бәтеші «ауру қалса да, әдет қалмайды» дегендей қартайғанша жігітшілік әдетін қоймапты.
Күзде бір ауылға келіп қонып, қонған үйдің қызына ұйқы бермепті. Жаман әдет алған кәрі тарлан қыздың көнбейтінін білген соң, әкесі мен шешесіне айтудың есебін таба алмай, Бәтеш:
— Тысқа шығып келуге рұқсат етіңіз, — дейді де, қой ішіндегі бір текені ұстап алып, әке-шешесінің тұсына байлайды.
Қыз текенің даусынан оянып:
— Мынаны неге әкеп байладыңдар, оның не жазығы бар? — дейді. Мұны естіген Бәтеш қанша ұятсыз болса да ұялып, түнде кетіп қалады.