Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Cабақтың тақырыбы: Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың өткізгіштерді жалғау тақырыбын тереңдету. Оқушылардың электр тогына қызығушылықтарын ояту, электр құралдарымен жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру.
2. Оқушылардың өздерінің ізденіс нәтижесіндегі шығармашылығын дамыту.
3. Оқушыларды ой түйіндей білуге, оны есепте пайдалана білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: қайталау сабағы
Оқыту әдісі: зерттеушілік көрсетілім, есептер шығару
Құрал - жабдықтар: амперметр, вольтметр, жалғағыш сымдар, кілт, ток көзі, презентация, тапсырмалар.

Сабақтың барысы: “Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу” бағдарламасы бойынша:
• Қызығушылықты ояту / 7 мин/
• Мағынаны ажырату /27 мин/
• Ой - толғаныс /7 мин/

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлеметсіздер ме, оқушылар, қонақтар!!!
Бүгінгі күн біз үшін ерекше. Ең бірінші бір - бірімізге жақсы көңіл - күй, тілек тілейік!
Сіздерге бүгінгі күн тек сәттілік әкелсін! Ал, Мұрат не дейді екен.........
Ал, енді біз сабағымызды бастайық, сабағымыздың ұраны:
Конфуцийдің сөзімен айтсақ, « Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтаймын, өзіме жасатсаң – үйренемін»

Қызығушылықты ояту кезеңі. 1. Cызба арқылы сәйкестікті табыңдар.
Мағынаны ажырату кезеңі. 2. Кестемен жұмыс.
3. Құралдардың бөлік құнын анықтау.
Екі сызбаны көрсету арқылы оқушылардан қандай cызба, ерекшелігі, ұқсастығы және т. б. сұрау.

ІІІ. Қайталау сабағы. Иә, балалар, дұрыс анықтадыңдар. Кедергілерді жалғаудың екі түрі бар. Егер 1 - ші өткізгіштің соңы 2 - ші өткізгіштің басымен, 2 - нің соңы 3 - тің басымен жалғанса, онда мұндай қосуды тізбектей жалғау деп атайды. Ал өткізгіштерді параллель жалғауда, өткізгіштердің басын бір ғана А нүктесінде, ал ұштарын 2 - ші бір В нүктесіне жалғасақ, онда мұндай жалғауды өткізгіштерді параллель жалғау деп атайды.
Бүгінгі қайталау сабағымыздың тақырыбы: Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу. Дәптерлерімізді алып, тақырыбымызды жазайық.
Берілген тапсырма бойынша өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғаудың негізгі физикалық шамалар мен (ток күші, кернеу, кедергі) сызбаны толтырамыз.

Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама