Импульстің сақталу заңы
Сабақтың тақырыбы: Импульстің сақталу заңы
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік мақсаты: Оқушылардың «Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы» тарауы бойынша алған білімдерін практикада қолдана білу іскерліктері мен дағдысын қалыптастыру. Өткен материалды қайталап, қорытындылау.
2) Дамытушылық мақсаты: «Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы» тақырыбы бойынша есеп шығара білуге, әрбір оқушының жеке басының бейімділігін және еске сақтау қабілеттерін, өзгермелі ситуация жағдайында шапшаң бағдарлай білуді, өзісінің нәтижесін қорытындылап, жауапкершілікпен қарай білу әрекетін арттыру, дамыту.
3) Тәрбиелілік мақсаты: Оқушыларды ұқыптылыққа, өз бетінше ізденуге, алғырлыққа, шапшаңдыққа, жинақы болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ауызша журнал түрінде қайталау, білімін бақылау.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, СКТ, шығармашылыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: ДК, үлестірме қағаздар, білім анкетасы, плакат,
Пән аралық байланыс: математика, қазақ әдебиеті.
Сабақтың жоспары:
1. Кіріспе. Психологиялық ахуал (Оқушылар бір - біріне сәттілік тілейді)
2. 1 - бет «Ой қозғау»
Еске сақтау қабілетін байқау, ойымызды саралау көзделеді.
(Өткен материалдарды қайталау)
3. 2 - бет «Ой толғау»
Ойлау қабілетімізді арттыру, шапшаңдық, жинақылық көзделеді (тапсырмалар беріледі)
1 - тапсырма «Формулалар»
2 - тапсырма «Есептер»
3 - тапсырма «Тест»
4. 3 - бет«Ой сергіту»
Оқушылардың сөйлеу мәдениеті, тіл байлықтарын байқау көзделеді.
(«Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы» тақырыбына мақал - мәтелдер айту, мағынасын ашу)
5. 4 - бет «Ой қорыту»
(Оқушылардың білімдері тиянақталады, нәтижесі бағаланады)
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру. (Сәлемдесу, түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.)
Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сабақта бүгін кім жоқ, түгелміз бе?
Құрметті оқушылар! Біздің бүгінгі сабағымыз күндегіден ерекше.
Өйткені, бүгінгі біздің сабағымызға қонақтар – апайымыз қатысуда. Сондықтан сіздерден өзіміздің алған білімімізді тиянақты, нақты жауап берулеріңізді сұраймын. Сабырлыққа шақырамын.
Саспай, ойымызды дұрыс айтып, нақты жауап беруге тырысайық.
(Сабақтың тақырыбы, мақсатымен, жоспарымен таныстыру) Кәнеки, бәріңізге сәттілік тілеймін. Қазір әрқайсымыз бір - бірімізге ыстық ықыласымызды білдірейікші.
Психологиялық ахуал (Оқушылар бір - біріне сәттілік тілейді)
2. Үй тапсырмасын сұрау
Сонымен журналымыздың 1 - беті
1 - бет «Ой қозғау»

(Өткен материалдарды қайталау сұрақтары)
1) Ньютонның І заңын қалай тұжырымдаймыз?
(Егер денеге басқа денелер әрекет етпесе немесе олардың әрекеті теңгерілген болса, онда дене не тыныштықтағы күйін сақтайды, не түзу сызықты бірқалыпты қозғалысын жалғастырады.)
2) Күштің қандай түрлерін білесіңдер?
(Ауырлық күші, серпімділік күші, үйкеліс күші, тіректің реакция күші.)
3) Ньютонның ІІ заңын қалай тұжырымдаймыз?
(Денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура, ал оның массасына кері пропорционал.)
4) Ньютонның ІІІ заңын қалай тұжырымдаймыз?
(Әрекет етуші күшке әрқашан тең қарсы әрекет етуші күш бар болады. Басқаша айтқанда, денелерді бір – біріне әрекет етуші күштері модулі бойынша өзара тең және бағыттары қарама - қарсы)
5) Бүкіл әлемдік тартылыс заңы қалай тұжырымдалады? (Екі дене бір – біріне массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал, ал арақашықтықтарының квадратына кері пропорционал күшпен тартылады).
6) Дененің өзара әсерлесу энергиясы (Потенциалдық)
7) Қозғалыстағы дененің энергиясы (Кинетикалық)
8 ) Дененің салмағы деп… (Дененің Жерге тартылу салдарынан оның тірекке немесе аспаға әрекет ететін күші )
9) Асқын салмақ деп нені айтамыз? (Тіректің немесе аспаның үдемелі қозғалысынан туындайтын дене салмағының артуын айтамыз))
10) Салмақсыздық деген не? (Дененің салмағы нөлге тең болатын дененің күйі)
3. Жаңа сабақ
Келесі 2 - бет «Ой толғау»
Ойлау қабілетімізді арттыруда, шапшаңдық, жинақылық көзделеді
(тапсырмалар беріледі) 1 - тапсырма «Формулалар»
Импульстің сақталу заңы. жүктеу