Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Оттекті органикалық қосылыстар. Спирттер
Химия 9 сынып
Химия пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Оттекті органикалық қосылыстар. Спирттер
Сабақтың мақсаты: Спирттердің номенклатурасы, физикалық және химиялық қасиеттері, алынуы мен қолданылуын меңгерту.
Оқу нәтижелері:
1. Спирттердің формулаларын жаза алады, оларды басқа заттардан ажырата алады.
2. Спирттерді жіктей алады.
3. Спирттің қандай заттардан алынатынын біледі, реакция теңдеулерін жаза алады.
4. Спирттің физикалық және химиялық қасиетін біледі
5. Спирттің пайдасы мен зиянын біледі.
Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс - тәсілдер:
1. Жұптық жұмыс
2. «Ой қозғау» әдісі
3. «Джигсо» әдісі
4. «Кір жаю» әдісі
5. 4. Формативті бағалау, бірін бірі бағалау, топтық бағалауы

1. Ұйымдастыру 2 - 3минут
а) Оқушыларды түгендеу, оқушы зейінін сабаққа аудару.
Оқушылардың көңіл күйін бағдаршам арқылы анықтап алу, егер қажет болған жағдайда сергіту сәтін өткізеді
3. Кіріспе 2 - минут
Интерактивті тақтамен «Ой қозғау» әдісі арқылы мағынаны ашуға көмектеседі.
4. Жаңа тақырып 5 - минут
Мәтінмен жұмысқа тапсырма береді. №1 жұптар бірінші мәтінді, №2 жұптар екінші мәтінді оқиды
а) Мәтінмен жұмыс.(5минут)
5. Мәтінмен жұмыс(білу) 3 - минут
Оқушылардың іс – әрекетіне сырттай бақылау жасайды.
ә) Жұпта талдау(3минут)
6.(түсіну). 5 - минут
«Үйге» қайтуға тапсырма береді, яғни оқушылар бастапқы орындарына келеді де екі мәтінді бір - біріне түсіндіреді.
7.(қолдану) 5 - минут
Жұптарға тапсырма беріледі:
Тапсырма №1(практика)
Метанол мен этанол молекуларының моделін жасаңыз. Постерге екі спирттің де моделін және құрылымдық формуласын салыңыз. Метанол және этанол молекулаларындағы қайсы сутегінің табиғаты ерекше деп ойлайсыз, неліктен? Оның химиялық қасиетін болжауға бола ма?
Тапсырма №2 (практика)
Берілген ыдысқа өлшеуіш цилиндрдің көмегімен 1мл этил спиртін құйыңыз да, оған абайлап сіріңке тигізіңіз. Не байқадыңыз? (Қандай техника қауіпсіздігін сақтау керек? Жалынды үрлеп сөндіруге бола ма?) Қандай реакция жүрді? Бұл реакция туралы не айтар едіңіз? Реакция теңдеуін жазып теңестіріңіз.
Тапсырма№3
Гидраттану реакциясы дегеніміз не? 11, 2л этилен газын (қ. ж) гидраттағанда түзілген спирттің массасын есептеңіз
Тапсырма№4
Метил және этил спирттері. Этил спиртінің пайдасы және зияны туралы түсінік картасын жасау.

С. Саттаров атындағы №57 мектеп - лицейі
Пән мұғалімі: Жайназарова Марал Жанабиловна

Оттекті органикалық қосылыстар. Спирттер. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама