Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Сандық есептер шығару
Ашық сабақ 9 сынып
Сандық есептер шығару
Металдар мен оның қосылыстары арасындағы генетикалық байланысты көрсететін химиялық реакция теңдеулері бойынша реагенттің немесе өнімнің массасын, зат мөлшерін есептеу.

Сабақтың тақырыбы: Сандық есептер шығару
Металдар мен оның қосылыстары арасындағы генетикалық байланысты көрсететін химиялық реакция теңдеулері бойынша реагенттің немесе өнімнің массасын, зат мөлшерін есептеу
Сабақтың мақсаты: 1. Металдар мен оның қосылыстары арасындағы генетикалық байланысты көрсететін химиялық реакция теңдеулері бойынша реагенттің немесе өнімнің массасын, зат мөлшерін есептеу
2. Генетикалық байланысты жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жазу дағдыларын дамыту
3. Зеректікке, ізденімпаздыққа, еңбексүйгіштікке, топпен жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: сандық есептер шығару
Сабақты өткізу әдісі: әңгімелесу, сұрақ - жауап, деңгейлік есептер шығару
Сабақтың көрнекіліктері: Венн диаграммасы, карточкалар
Пәнаралық байланыс: физика, биология, халықтық педагогика
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Ғылыми – педогогикалық журнал «Химия мектепте» 2011 жыл
2. Я. Л. Гольдфарб, Ю. В. Ходоков. Химия есептер жинағы. Алматы, «Рауан» 1997
3. ҰБТ орталығы «Химия» оқу - әдістемелік құрал 2011ж
4. Электрондық оқулық 10сынып

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, жоқ оқушыларды белгілеу, сабаққа дайын болуларын талап ету.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:§ 5. 5. Судың кермектігі және оны кетіру жолдары
1. Қандай суды кермек су деп атаймыз?
2. Судың кермектігінің қандай түрлері бар? Оларды қалай жоюға болады?
Венн диаграмасы (Оқушыларды 3 топқа бөлу)
Судың кермектігі
Уақытша кермектік Ортақ Тұрақты кермектік

3. Оқулықтағы сұрақтар 1 - 7 (163 бет)
4. Есеп №8 (163 бет)
0, 08г хг 0, 02г уг
Са(НСО3) 2 + Na2CO3= CaCO3+2NaHCO3Mg(НСО3) 2 + Na2CO3= MgCO3+2NaHCO3
163г/моль 106г/моль146 г/моль 106г/моль
х=0, 053гу=0, 015г
£m(Na2CO3)=0, 068 г

ІІІ. Үй тапсырмасын қорыту:
Сұрақтар(сурет бойынша жауап береді)
• Біздің ата - бабаларымыз кейде кірді суды жұмсартпай - ақ жуған. Сонда кірлері шайдай ашылған, себебі...
• Қазіргі кезде суды қайнатпай - ақ кір жууға болады, себебі...
• Шәйнектің ішіне қатқан қақты қалай кетіруге болады? (Пайдалы кеңестер беріледі)
• Кір жуатын машиналардың ішіне қақ тұрып қалудан қалай алдын алуға болады?
• Үйдегі жылыту құбырларының ішіне қақ тұрып қалудан қалай алдын алуға болады?
Пайдалы кеңестер
Шәйнектегі қақты кетіру 1. Шәйнек қағын оңай кетіру үшін күнделікті қолданып жүрген ас содасы мен лимон
қышқылын пайдалануға болады. Шәйнекке суды орталап құйып, оған 2 - 3 шай қасық
лимон қышқылын салып жақсылап 3 - 5 минут қайнатады. Бұдан соң шәйнекке қайта су
құйып 3 - 4 ас қасық ас содасын қосады. Қайнаған соң суды төгіп шәйнекті жуып алу
керек. Соңдай шәйнектің ішінде қақ қалмай жарқырап шыға келеді.
2. Шәугімді тазалаудың басқа да түрлері бар. Ол құрамында лимон қышқылы бар «тазалағыш құралдардың» көмегімен жүзеге асады. «Тазалағыш құралдарға» Кока - кола, Спрайт сияқты сусындар жатады. Алдымен сусынның газын шығарып, шәугімнің жартысына дейін құйып, баяу отпен қайнату керек.

ІV. Жаңа сабақ:
Сандық есептер шығару
Металдар мен оның қосылыстары арасындағы генетикалық байланысты көрсететін химиялық реакция теңдеулері бойынша реагенттің немесе өнімнің массасын, зат мөлшерін есептеу.

Рубежин орта жалпы білім беретін мектеп - балабақшасы
Өткізген: химия пәнінің мұғалімі Мурзагалиева Ж. И.

Сандық есептер шығару. жүктеу
Сандық есептер шығару слайдты жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама