Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Ойнайық та, ойлайық (ойын - сауық кеші)
Тақырыбы: «Ойнайық та, ойлайық» ойын - сауық кеші
Мақсаты: Оқушылардың танымы мен талғамын өсіру, дүниетанымын кеңейту, ойлау қабілетін, сөйлеу тілін дамыту, физика пәніне қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі: видеопроектор, барабан, алфавит, қобдишалар, камера

Кеш барысы:
Қайырлы күн қымбатты көрермен!
Сөз бастайын термелеп өлеңмен.
Тәрбиелі, білімді боп әрқашан
Өс өркенде қанат жайып кемелден.
Бүгінгі күні еліміздің тарихындағы екі бірдей елеулі оқиғаны еске аламыз. Біріншісі – еліміздің Тәуелсіздігіне 20 жыл, екіншісі - сол Тәуелсіздіктің бастауы болған Желтоқсан көтерілісіне 25 жыл.
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
Туымызды бізге ешкім бермеді.
Ел тізгінін қолына алу жолында,
Қыршын кетті талай қазақ ерлері.
Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге өмір сыйлады.

Аңсаған сан ғасырлық арман болып,
Қол жеткізген шындық жырын жырлады
Тәуелсіздік таңы атып, 20 жыл деп шырқаған,
Шаттық әні әуелді, азат дархан кең далам.
Астанамыз Астана боп, Елбасымыз Нұрсұлтан,
Елім өсіп, өркен жайды, орындалды ізгі арман.- дей келе Тәуелсіз Қазақстанымыздың өмірі ұзақ, тұғыры биік болсын. Егеменді еліміздің тәуелсіздік мерекесі құтты болсын.

Қайырлы кеш, қадірлі көрермендер! Баршаңыз да «Ойнайық та, ойлайық» ойын - сауық кешіне қош келдіңіздер!
Табиғаттың сырын ұққан кемеңгер,
Бұл өмірден өтті дана шеберлер.
Ғылым демей кім деп оны айтарсың
Даналықтан мұра қалған өнерден.
Физик, ғалым, астрономдар өтіпті,
Қиялменен көкке самғап жетіпті.
Табиғаттың аясында тербеліп,
Даналығын мұра етіп кетіпті.
Ой санамда болса да балалығым,
Ғылым сырын білемін, даналығын.
Физика заңдылығын меңгертіп,
Зерделімін, білімдімін, саналымын. – дей келе бүгінгі ойын – сауық кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Бүгінгі ойынымыздың шартымен таныс болайық.
Ойынның шарты: І тур (1-ші үштікпен ойын)
ІІ тур (2-ші үштікпен ойын)
ІІІ тур (3-ші үштікпен ойын)
Жеңімпаздар ойыны
Супер ойын

Ойынымыздың әрбір турына 3 оқушыдан қатысады. Осы қатысқан оқушылардың ішінен 1 оқушы жүлдегер атанып, жеңімпаздар ойынына қатысу мүмкіндігін алады.
Шамаларды білеміз бе тұрақты
Түсіндіріңдер физикалық сұрақты.
О, формула фантастика секілді
Білесің бе қызықтарды не түрлі?
Заңдылыққа физикалық сеніңдер
Салыстырып барлығын де көріңдер
Сұрақтарға ұлағатпен қараңдар,
Ойларыңды ептілікке ораңдар, - дей келе І турымызды бастаймыз. Бұл турға қатысатын 1-ші үштіктің ойыншыларын ортаға шақырамыз.

№ 23 топ студенті Жамшид Азиз
№ 24 топ студенті Қалых Нұрталап
№ 23 топ студенті Орақбай Серікбол
Сұрақ: Қатты денелердің кебуі сұйықтардың булануына ұқсас. Қатты денелердің кебуін қалай атаймыз?
Жауап: Сублимация
І турды аяқтай келе, Құрметтейік ғалымды,
Ғылымды алға жылжытқан
Инерция құбылысын
Айтшы достар кім ашқан? - дей келе келесі кезекті физикалық көрініске береміз.
Келесі ІІ турымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Бұл турға қатысатын 2-ші үштіктің ойыншыларын ортаға шақырамыз.
№ 13 топ студенті Емберген Жансая
№ 11 топ студенті Мейірхан Батыржан
№ 23 топ студенті Жеткерген Тұрар
Сұрақ: Бұл ғалым 1852 -1908 жылдары өмір сүрген француз физигі.

1896 жылы уран элементі радиоактивті сәулелерді өздігінен шығаратынын байқады. Бұл қай ғалым?
Жауап: Беккерель
ІІ турымызды аяқтай келе, білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні кәріп - дей келе келесі кезекті көрермендер көзайымы ойынына береміз.
1. Қазақ халқының ұлттық ойыны «Алтыбақан». Екі оқушы шығып қолдарын айқастырып ұстайды, үшінші оқушы қолдарына отырады.
Арлы-берлі тербейді.
Сұрақ: бұл ойын арқылы не айтуға болады.
Жауап: Тербеліс, амплитуда, жиілік, период, ауырлық күші, тартылыс күші.
2. Жұмбақ жасырылады, осы жұмбақтың шешімін тауып, сол сөзге қатысты физикалық мағына айту (1-2 сөзбен түсіндіру керек).
Жылт – жылт етеді, жылғадан өтеді.
Жауабы: Су - заттың сұйық күйі
Алтын теңге кетеді,
Күміс теңге келеді.
Жауабы: Күн мен ай – табиғи жарық

Келесі ІІІ турымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Бұл турға қатысатын 3-ші үштіктің ойыншыларын ортаға шақырамыз.
№ 23 топ студенті Елеусіз Алтынбек
№ 24 топ студенті Әшірбек Серікбол
№ 25 топ студенті Байтұрсынова Қымбат
Сұрақ: Ең аз массаның және ең кіші зарядтың материалдық тасымалдаушысын ата?
Жауап: Электрон
ІІІ турымызды аяқтай келе, ойынымыз жалғасады тағаттасақ
Шығамыз биік болар білім қусақ,
Өмір деген өнермен үйлеспей ме
Жадыратар жанымызды ән тыңдасақ, - дей келе келесі кезекті әнге береміз.
Ән: «Қазақ жігіттері»
Орындайтын: Мұхтаров Салауат
Мықты болсаң – алдағыны басып оз.
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт. – дей келе келесі кезекті
жеңімпаздар ойынына береміз. Бұл турға қатысатын 3 жеңімпаз ойыншыларды ортаға шақырамыз.
№ 23 топ студенті Жамшид Азиз
№ 13 топ студенті Емберген Жансая
№ 25 топ студенті Байтұрсынова Қымбат
Сұрақ: Сіздің аяқ киіміңіз су, оны қалай тез кептіресіз? Физиканың қай құбылысына мысал келтіріп тұр.

Жауап: Диффузия
Жеңімпаздар ойыны турын аяқтай отырып, жеңімпазымызды анықтап, келесі турымыз Супер ойынын жалғастырамыз. Бұл турда ойыншы барабанды бір рет айналдырып қойылған сұрақтың жауабын бермес бұрын 3 әріпке дейін айтуға мүмкіндігі бар. Содан кейін 1 минут уақыт ойланып, сұрақтың жауабын береді. Егер сұраққа жауап берсе, қоржынындағы жинаған балына байланысты сәйкес келетін кез келген ұтысты ала алады. Ал, жауап қате болған жағдайда ойыншы ұтыссыз қалады.
Сұрақ: Ол энергияның сақталу және айналу заңын тәжірибе жүзінде дәлелдеген. Газ молекулаларының қозғалыс жылдамдығын есептеп, оның температураға тәуелділігін айтқан. Электр тоғының жылулық әсерін анықтаған ағылшын ғалымы кім?

Жауап: Джоуль
Қосымша көмек: Үш бірдей физикалық шаманың өлшем бірлігі сол ғалымның құрметіне берілген.
Бүгінгі ойынымызды қорытындылай келе,
Бүгінде физиканы барлық жерде,
Құрылыста, техникада, өндірісте
Сырларын бұл ғылымның үйретіңдер,
Шәкірттер, зерделікпен үйреніңдер – дей келе бүгінгі ойын-сауық кешімізді қорытындылауға сөз кезегін лицейіміздің директоры Б. Ахметов мырзаға береміз.
Бүгінгі ойын - сауық кешімізге қатысқандарыңызға көп рахмет. Амандықпен әрқашан жүздескенше. Сау болыңыздар.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама