Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Өзін - өзі тану пәні бойынша күнделікті сабақ жоспары
Өзін - өзі тану пәнінен сабақ жоспарлары (34 сабақ)
1 сынып
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: Тәртіпті болу, білім іздеу, кешірімшіл болу, адамдарға риясыз қызмет ету;

Сабақ мақсаты: «Тәртіп» пен «парыз» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: - Оқушыларға тәртіп пен парыз туралы түсінік беру;
- Өзін тәртіпті ұстауға қызығушылықтарын, сенімділіктерін арттыру;
- Ізгілікке, бірін – бірі сыйлауға тәртіпті жүруге тәрбилеу;
Ресурстар: үнтаспа, ватман, маркер.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
Сабақ барысын талдау:

ІІ. Дәйексөз.
«Тәрбиелі – тәртіптің құлы.
Тәртіпті – елдің ұлы»
Бауыржан Момышұлы
(оқушылар талдап болғасын 2 рет қыздарға айтқызу 2рет ұлдарға айтқызу. Барлығы бірге 4рет айтып шығады)

ІІІ. Әңгiмелеу
• «Алғыс» Мәдіхат Төрежанов
• - Неліктен барлығы алғысты басқаларға айту керек деп шешті?
• - Балалар бұл оқйғадан қандай сабақ алды?
• Сендер кімге және нелерге алғыс білдірер едіңдер?
• Адамның қандай парыздары бар?
• Адам неліктен парызын дұрыс орындауы керек?
• Әркім өз парызын қалай өтеуі тиіс? Неліктен?
• Оқулықта «Жаңаны білеміз» айдарында берілген мәтінді оқып талдау.

ІҮ. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
1 – тапсырма
Суреттерге қараңдар. Олардың алдындағы парыздарың туралы әңгімелеп беріңдер.
2 – тапсырма
Суреттерге қараңдар. Олардың қасиеттері туралы айтып беріңдер.
Сұраққа жауап беріңдер.
• Олар өз қасиеттерін жоғалтса не болады?
3 – тапсырма
«Ата – баба мұрасын қастерлеу – ұрпақ парызы» дегенді қалай түсінесіңдер? Айтып беріңдер.

Ү. Топпен ән айту.
Жақсы болыңдар!
Жақсы нәрсе туралы ойлаңдар!
Жақсы нәрсе айтыңдар!
Жақсы нәрсе тыңдаңдар!
Жақсы нәрсе көріңдер!
Жақсы әрекет жасаңдар!
Бақытқа жеткізер жол – осы!

ҮІ. Соңғы тыныштық сәтi.
Баяу музыка қосылады.
- Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Бүгінгі сабақтан алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

№6. Тақырып: «Өзіңмен үйлесімді өмір сүру»
Құндылық: Жан тыныштығы
Қасиеттер: Сыпайылық, ашуланбау, ой тыныштығында отырып үйрену, өзін – өзі алдамау;
Мұғалiм: Мұратова Гүлзира
Сынып 1
Сабақ мақсаты: Өз – өзімен үйлесімді өмір сүру туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: - Оқушыларға үйлесімді өмір сүру туралы түсінік беру;
- Өзін тәртіпті ұстауға қызығушылықтарын, сенімділіктерін арттыру;
- Ізгілікке, бірін – бірі сыйлауға өзін – өзі алдамауға тәрбилеу;
Ресурстар: үнтаспа, ватман, маркер.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
ІІ. Дәйексөз.
Ар - намыссыз - ұлттық сана мен ұлттық намыс та тұл.
Нұрсұлтан Назарбаев
(оқушылар талдап болғасын 2 рет қыздарға айтқызу 2рет ұлдарға айтқызу. Барлығы бірге 4рет айтып шығады)
ІІІ. Әңгiмелеу
• «Қайыңның көз жасы» Толымбек Әбдірайым
• Қапан не үшін ұялды?
• Ар – ұжданымен өмір сүретін адамды қалай сипаттар едіңдер?
• Сендердің өз қылықтарыңа ұялған сәттерің болды ма? Неліктен?

ІҮ. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
1 – тапсырма
Суреттерге қараңдар. Ондағы теріс қылықтарды қалай түзеуге болады? Сахналап көрсетіңдер?
Жаңаны білеміз
Ар – ұждан адамдықтың белгісі. Адамды істеген ісіне қарай бағалайды. Әрбір істі ұятқа қалмайтындай етіп, ойланып жасау керек. Ар – ұжданы бар адам әр уақытта дұрыс әрекет жасайды. Ар – ұжданына сай өмір сүру – әрбір адамның парызы. «Әдепті бала – арлы бала» деп халық бекер айтпаған.

Ү. Топпен ән айту.
Бала тілегі әні
Сөзін жазған: Сержан Молдасанұлы
Әнін жазған: Фарида Жолдасова

Бал – балалық, балдырған шақ сан арман,
Барлық бала армандауға жаралған.
Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер,
Гүлденсін деп атамекен қара орман.

Болашақтың иесіміз бәріміз,
Туған жердің түрлендірер нәріміз.
Алтын бесік – ұлан – байтақ елімде,
Жарқын болсын шырқап айтар әніміз

ҮІ. Соңғы тыныштық сәтi.
Баяу музыка қосылады.
- Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Бүгінгі сабақтан алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
Мұғалiм: Мұратова Гүлзира
Тәртіп пен парыз жүктеу
Өзіңмен үйлесімді өмір сүру. жүктеу
Сүйіспеншілік сый талап етпейді. жүктеу
Менің үйім. жүктеу
Менің достарым. жүктеу
Бір – бірімізге көмектесеміз. жүктеу
Алғыс айту – игілік сыйлау. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама