- 18 шіл. 2022 00:00
- 205
Өзін иландыру
Еуропаның пойыздарының бірінде бір купеде екі жолаушы келе жатады. Бірі арық, екіншісі толық денелі. Арығы жаурай бастағанында «ыстық» деп жазылған түймешені басады. Сәлден соң арық адам жылынып, толық адам терлей бастайды.
Одан кейін толық кісі де барып «суық» деп жазылған түймешені басады. Әп сәтте мұның терісі құрғап, ал арық адам жаурай бастайды. Содан араларында келіспеушілік шығып, екеуі жолсерікке (проводникке) жағдайды айтып шағымданады.
Жолсерік: «Босқа ұрысып жатырсыңдар, поездің салқындатып-жылытатын құралы бұзылып қалған, істемейді!» дейді.