Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 49 минут бұрын)
Өзіңді - өзің танысаң – істің басы
Тақырыбы: «Өзіңді - өзің танысаң – істің басы»

Мақсаты: Адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, оны күнделікті өмірде қолдануды әдетке айналдыруға.
Көрнекілігі: маркер, ақ қағаздар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Кіріспе
Бөлмедегі орындықтарды дөңгелете қойып, оқушыларға арналған түсті қағаздар таратылады. Оқушылар сабақтың мақсатымен, ережелерімен таныстырады.
Дәл бүгінгі күні біз бәріміз білімді болып, биікке көтеріліп ортамызға жағымды дақтарымызбен көрінуге тырысамыз, үлкен жетістіктерге қол жеткізуге ұмтыламыз. Ол адам ең алдымен, өзі неге қабілетті, өзінде жақсы не бар соны түсініп алу керек. Жақсылық пен жамандықты айыра білу керек, өзінің бар қабілеттерін жетілдіріп және өзіндегі кемшіліктерін түзете білуге тиіс.

ІІІ. Негізгі бөлім
1 - жаттығу.
«Бір күнгі танысына, қырық күн сәлем» дегендей, біз бүгін бір - бірімізбен дәстүрден тыс амандасудан түрлерін көрсетейік.
1. бір - бірінің алақанын ұстап, комплимент айту.
- сәлемдесу кезінде қандай сезімде болдың?
- отбасы мүшелерімен қалай сәлемдесесің?

2 - жаттығу. «Жақсы мен жаман қасиеттер»
Кез келген нәрсенің оң, теріс тұстары болады. Жағымсыз қасиеттер арқылы жақсы қасиеттерді бағалаймыз. Біреудің бойындағы қасиеттерін айту үшін адам әуелі өзін тану керек. Сондықтан парақты екіге бөліп өз бойыңыздағы жағымды, жағымсыз қасиеттеріңізді жазу керек.
- Қай қасиеттеріңіз басым? Неге?
- Мінез туралы мақал – мәтел айту.

ІҮ. «Өзіңді білесің бе?» психологиялық тест.
Бұл психологиялық тест сіздердің жаңа ғана өздеріңіз туралы берген ойларыңыздың дұрыс, бұрыстығын анықтау мақсатында алынады. Адам қатты толқығанда мидың жетекші бөлігі орын ауыстырып, өзгеріске түсуі мүмкін екендігін ескерген жөн. Әрбір нұсқаудан кейін оң мен сол қолдың жетекші болып табылатыны анықталады. Оң қолға «О», сол қолға «С» белгілерін қойып өздеріңізге тән формулаларды анықтап аласыз. Әр формула бойынша жеке - жеке оқылып беріледі.
Нұсқау:
1. Қолыңның саусақтарын айқастыр, сіз бір саусақтың ұдайы үстінде тұратынын аңғарасыз.(оң немесе сол).
«оң саусақ - аналитикалық ойлауы басым. Сол саусақ – тым әсерлегіш, ойлауы басым»
2. бір нысананы таңдап, оны қарындаш немесе қаламмен көздеп көр.
«оң көз – сенің мінезің бірбеткей табанды. Сол көз – мінезі жұмсақ және көнгіш»

3. Қолдарыңды кеуде тұстарыңды айқастырыңдар.
«оң қол үстінде тұрса – сен қарапайым ақкөңілсің, сол қол үстінде тұрса – назды»
4. қолыңды шапалақта.

«оң қол ыңғайлы болса – саған батылдық тән. Сол қол ыңғайлы болса – сен шешім қабылдар алдында жиі қобалжисың»
Әрбір нұсқаудан кейін оң, сол қолдың жетекші болып табылатынын білдіңіз.

Ү. Ситуациялық сұрақтар
Берілген сұрақтарға рольге ойнауға немесе өз пікірін ортаға салуға болады.

ҮІ. Қорытынды.

Қызылорда облысы, Арал ауданы
Ж. Әбдірашов атындағы№62 мектеп – лицейдің
бастауыш сынып мұғалімі: Ерғазиева Әсия Амангелдіқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама