Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
П дыбысы мен әрпі
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы,
№3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі Мукашева Эльмира Женисовна

Сабақтың тақырыбы: П дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Пп дыбысы мен әрпін оқушыларға таныстыру. Пп дыбысының сөздегі орнын ажырату. Осы әріп арқылы сөздер құрастыра отырып, ойларын өрбіту. Есте сақтау қабілеттерін, логикалық ойларын, сөздік қорларын дамыту. Ұқыптылыққа, әдемі, таза жазуға баулу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, баяндау.
Көрнекілігі: интербелсенді тақтаға.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық.
ІІ. Қызығушылықты ояту.
ІІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру
IV. Ой ашар. Жаңа сабақ.
V. Бекіту.
Ой қозғау. Оқулықпен жұмыс
VI. Сергіту сәті.
Тренинг» Жаңбырдың үні»
VIІ. Дәптермен жұмыс.
VIII. Бекіту.
ІХ. Қорытындылау.
Х. Бағалау.
ХІ. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық.
Күлім қағып қолымды,
1, 2 деп соғайын.
Қарап тұрған көршіме,
Қолымды мен бұлғайын.
Ыстық алақаныммен,
Маңдайыңнан сипайын.
Құшақтасып өзіңмен,
Амандасып алайын.

ІІ. Қызығушылықты ояту.
- Бүгін біз «Білім» еліне саяхатқа шығамыз. Ол үшін біз қай көлік түрімен жолға шығатынымызды анықтап алайық.
Суретте берілген көліктердің атын атап, оларға дыбыстық талдау жасау.
Кеме, пойыз, ұшақ.

ІІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
- Ал, кеттік!
- Қараңдаршы, балалар, «Білім» елінің кіре берісінде үлкен қақпа тұр. Бұл қақпаны ашу үшін біз үйге берілген тапсырманы жақсы етіп айтуымыз керек.
- Өткен сабақта біз қандай дыбыспен танысқан едік?
- Ол қандай дыбыс?
- Неге ол дауысты дыбыс?
- Ү дыбысына ұқсас жуан дауысты дыбыс бар ма?
- Үйге қандай тапсырма берілді?
Оқушылар жауабы.
3 қатарға тапсырма:
1 – қатар: «Сен бақытты ұлансың»өлеңін тізбектеп оқу.
2 – қатар: Мазмұнды сурет бойынша әңгіме айту.
3 – қатар: Ү дыбысы бар сөздерді айту.
- Жарайсыңдар, балалар! Қақпа ашылды!
«Дыбыс пен әріп» қаласы.
- Енді ұшақпен «Дыбыс пен әріп» қаласына келіп тоқтаймыз. Бұл қаланың тұрғындарына дыбыс пен әріп туралы не білеміз, білімімізді көрсетейік.
«Миға шабуыл»
- Дыбыстың неше түрі болады?
- Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Жуан дауысты дыбыстар қалай айтылады?
- Жіңішке дауысты дыбыстар қалай айтылады?
- Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Қандай?
- Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?
- Дауыссыз дыбыстарды ше?
- Дауысты дыбыс пен дауыссыз дыбыстың айырмашылығы неде?
- Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде?
- Жарайсыңдар!

ІV. Ой ашар. Жаңа сабақ.
Бүгін біз жаңа әріппен танысамыз. Ол қандай әріп екенін білу үшін мына әріпті жұмбақты тыңдаңдар.
Бармын партада
Жоқпын картада
Табыламын қаптан
Кездеспеймін хаттан. (П әрпі)
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:»Пп дыбысы мен әрпі». Бүгін сабағымызда п дыбысын жан - жақты зерттейтін боламыз.
- Кәнеки, бірге айтайықшы.
- Ппппппппппппппп
- Бұл қандай дыбыс?
- Неге ол дауыссыз дыбыс?
- Қандай текшемен белгілейміз?
- Дұрыс айтасыңдар!
- П дыбысын айтқанда жоғарғы ерін төменгі ерінге жуық тиіп, тез ажырап кетеді.
- Мінеки, балалар, тұрғындар өте қуанышты.
«Буын мен сөз» қаласы.
- Енді келесі қалаға аттанамыз. Ол «Буын мен сөз» қаласы.
- Бұл қаланың да тұрғындары өте қонақжай екен. Бұларға да өз білімімізді көрсетеміз. Ол үшін «Буынға буын қос» ойынын ойнаймыз.
«Буынға буын қос» ойыны.
- Мына буындардан сөздер құраймыз.
пар пе кі тап
нал та ша шо пан
- Жарайсыңдар!
- Енді мына жұмбақты шешеміз.
Қорықпайды күшті аңнан
Қорқады тек тышқаннан. (Піл)
- Піл сөзін бірге айтайықшы.
- Бұл сөзде Пп дыбысы бар ма?
- Текшемен осы сөзді жазамыз.
- Кім тақтаға кеспе әріптермен жазады?
- Осы сөзбен сөйлем құрайықшы.
- Кел, тақтаға схемасын жаза ғой.
- П дыбысы бар сөздер айтамыз.
Оқушылар жауабы.
- П дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі.

V. Бекіту.
Ой қозғау. Оқулықпен жұмыс.
Буындарды хормен оқыту.
Па по пе пи пу пі
Бағандағы сөздерді оқу, түсінік беру.
- Бұл қалада біздің досымыз тұрады екен, біз оған күнде көмектесеміз.
- Ол кім?
- Бүгін де оған біздің көмегіміз қажет болып тұр, көмектесеміз бе?
- Ол үшін бері қараймыз.
- Мынау не?
Егер көп болса қалай айтамыз?
дәптер кітап қарындаш
дәптер... кітап... қарындаш...
- Жарайсыңдар!
- Енді келесі қалаға аттанамыз. Ол қала «Мәтін» деп аталады. Бұл қалада ұзағырақ аялдаймыз. Бұл қалада қызықтайтын жерлер көп екен.
«Мәтін» қаласы.
- Осы мәтін туралы біз не білеміз?
Мәтінмен жұмыс: «Кітап»
- Кітапты неден жасайды?
- Кітапты кімдер жазады?
- Кітапты қалай ұстау керек?
- Кітаптың адамға қандай пайдасы бар?
- Кітап – адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Ол елді, жерді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Өмірде ең жақсы кеңесші – кітап.
1) Мәтінді мұғалімнің оқуы.
2) Оқушыларға оқыту.
3) Талдау жұмыстары.
«Кітап – білім бастауы» дегенді қалай түсінесіңдер?
«Кітап адамның ақылшы досы» дегенді түсіндір.
4) Мақал жаттайық:
Кітап – білім бұлағы,
Білім – өмір шырағы.
- Тағы қандай мақал білесіңдер?
- Жарайсыңдар, балалар!
- Мына суретке назар аударамыз.
Мазмұнды суретпен жұмыс.
Тірек сөздер:
кітап ------------- Абай ------------ Әңгіме ---------- газет
жатқа ----------- Ыбырай -------- ертегі ----------- журнал
оқиды ---------- Шоқан ----------- өлең ------------ көп
- Шәріп қайда оқиды?
- Ол нешінші сыныпта оқиды?
- Қандай кітаптарды ұнатады?
- Кітаптарды қайда жинап қойған?

VI. Сергіту сәті.
Тренинг» Жаңбырдың үні»

VIІ. Дәптермен жұмыс.
«Жазу» қаласы.
- Енді келесі қалаға аттанамыз. Ол қала «Жазу» қаласы деп аталады.
- Дәптерімізді ашайық.
- Әдетте біз бүгін қандай түрін жазамыз?
- Келесі сабақта ше?
- Бас әріппен нелерді жазамыз?
- Жарайсыңдар!
Әріп элементтерін түсіндіру.
- Кішкентай әріпті біз қайда жазамыз?
Ауада жаздыру.
(Қолды демалдыру жаттығуларын жүргізу)
Жаза - жаза, саусағым,
Әлсіредің, шаршадың.
Азырақ демалайық,
Сосын қайта жазайық.

- Дәптерімізді жауып орнына қояйық.
- Бұл қаланың да тұрғындары өте риза болды сіздерге.

VIІІ. Бекіту.
«Ойын» қаласы.
- Келесі қаламыз «Ойын» деп аталады екен. Бұл қалада ертегі кейіпкерлері тұрады екен, соларға біз тапқыр, ақылды әрі шапшаң екенімізді көрсетуіміз керек.
«Жоғалған әріп» ойыны.
... ітап,... әтер, әрі..., ша... ан, дә... тер.
«Адасқан сөздер» ойыны.
1) Жанардың әдемі пәтері.
2) Кітаптар өте кітаптар көп.
Топтастыру « Кім жылдам» ойыны.
Жануар
Адамның аты

Көкөніс
Зат
- Жарайсыңдар, балалар!
- Осымен біздің саяхатымыз аяқталды, сіздерге ұнады ма?

ІХ. Қорытындылау.
«Бес қадам» тренингі.
- Бүгін сабақта қандай әріп туралы білдік?
- Ол қандай дыбыс екен?
- Оны қандай текшемен белгілейміз?

Х. Бағалау.
ХІ. Үйге тапсырма

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама