Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 23 минут бұрын)
Пайғамбарымызға ﷺ салауат айтудың маңыздылығы мен үлгілері

Алла елшісі Мұхаммедке ﷺ салауат айту – әрбір мұсылман үшін сауапты да, маңызды амал. Бұл тек діни парыз ғана емес, сонымен қатар Пайғамбарымыздың ﷺ шапағатына бөленуге, Алла тағалаға жақындауға себеп болатын жол.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Салауат айтудың маңызы

Ислам ғалымдары Құран аяттары мен хадистерге сүйене отырып, Пайғамбарымыздың ﷺ аты аталғанда бір рет салауат айту – уәжіп, ал бірнеше рет аты аталса, салауат айту – мұстахаб (сауапты іс) екенін айтады. Салауат айту біздің дәрежемізді көтеріп, Пайғамбарымыздың ﷺ шапағатына кенелту үшін айтылады.

Дұғаның қабыл болуына себеп

Хадистерде салауат айтудың дұғаның қабыл болуына себеп болатыны айтылған. Мысалы, Омар (р.а.) жеткізген хадисте: «Жасалған дұғалар, жеріне жетпестен бұрын жер мен көктің ортасында тұрады. Ол Пайғамбарымызға ﷺ салауат айтқан кезде ғана жетеді» (Тирмизи 486). Пайғамбарымыз ﷺ: «Маған ат үстіндегі жолаушының су торсығына қарағандай қарамаңдар. Дұғаларыңның басында, ортасында және соңында менің атыма салауат жолдаңдар!» деген (Тирмизи).

Салауат айтудың үлгілері

Пайғамбарымызға ﷺ салауат айтудың бірнеше үлгісі бар:

Үздіксіз салауат айтудың маңызы

Алла елшісіне ﷺ салауат айтуды үнемі, тіпті керекті кезде ғана емес, әрдайым айтып жүру маңызды. Бұл – Жаратушыға жақындаудың бір себебі. Құранда: «…Оған жақындау үшін себеп іздеңдер…» («Мәидә» сүресі, 35-аят) деп айтылған. Пайғамбарымызға ﷺ айтылатын салауат бізді Аллаға жақындата түседі.

Әбу Дәрда (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Кімде-кім таңғы және кешкі уақыттарда маған арнап он рет салауат айтып, сәлем жолдаса, қиямет күні менің шапағатыма бөленеді», – деген.

Алла тағала баршамызға Пайғамбарымыздың ﷺ шапағатына бөленуді нәсіп етсін! Әмин!

Жаңалықтар

Жарнама