- 18 қаң. 2017 00:00
- 265
Павлодарлық Мохаммед-Али Амир Жәутіков олимпиадасында алтын медаль иеленді
Алматы қаласында математика, физика және информатикадан өткен ХІІІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасында үш павлодарлық оқушы жүлдемен оралды.
Бұл туралы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Павлодар облысының командасы жеті оқушыдан құралды. Халықаралық олимпиада қорытындысы бойынша «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 10-сынып оқушысы Мохаммед-Али Амир математикадан алтын медаль (мұғалімі Арыстан Текенов) иегері атанды. Ал, дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Баронча Георгий физикадан (мұғалімі Анатолий Билида) қола медальға қол жеткізді. Ер балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Ғаллам Ислам да информатикадан (мұғалімі Арнольд Минулин) қола медаль ұтып алды.