Білім алушылардың өзіндік жұмыстары арқылы танымдық белсенділігін арттыру
Қызылорда қаласы
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ
Скакова Гульжамал Абдиканиевна
Алмагамбетова Айгуль Алдажаровна
2020 жылға дейінгі елімізді дамытудың Стратегиялық жоспарының жоғары басымдылығы ретінде адам ресурстарын дамыту болды. Экономикалық пайда болашақта жұмысшы күшінің өнімділігі мен сапасын едәуір көтеретін білім берудегі инвестицияларға байланыста болады. Сондықтан да алдағы уақытта білім беру қызметінің сапасын жақсартуға баса назар аударылатын болады.
Қазақстандықтардың білімнің құндылығын түсінуі, білімге, жаңа білуге ұмтылуы, дамуға және шыңдалуға дайындығы маңызды ресурс болып табылады.
Жеке тұлғаның дамуының, мәдениаралық алмасулардың, пікірін еркін білдірудің, жаңашыл жобаларды, шығармашылық ойларды іске асырудың түпқазығы ретінде Қазақстанда қолайлы орта қалыптасқан. Бұл, өз кезегінде, жас ұлттың талаптары мен қызығушылығына барынша жауап беретін білім берудің прогрессивті жүйесін қалыптастырумен анықталады. Осылайша Қазақстанның қазіргі даму кезеңде білім беру негізгі роль атқарады.
Еліміздің қазіргі әлемдегі орны адам капиталының сапасымен, білім берудің жай-күйімен және өнідірісте техника мен ғылымды пайдалану деңгейімен анықталады. Технологияның дамуы жаһанданудың катализаторы және еліміздің бәсекелестік басымдылығы дамуының маңызды факторы болып табылады. Қазіргі білім мен технологияларға негізделген экономика жоғары технологиялы қоғам құрудағы сапалы жаңа өзгерістерге жетудегі табыстың кепілі болып табылады.
Бағдарлама білім беру жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың ұйымдастырушы негізі ретінде білім берудің, басқару жүйесінің, білім беру қызметі субъектілерінің құқықтық-ұйымдастырушылық формаларының және экономикалық-қаржылық механизмдерінің құрылымындағы, мазмұны мен технологияларындағы өзгерістерді құрайтын ресурстары мен мерзімі бойынша бір-бірімен байланыстағы шаралар кешені болып табылатындығын әрбір азамат түсінеді.
Қазақстанға білім беруді түбегейлі модернизациялау қажет: ауқымды және тұрақты білім беруді және оның сапасын жақсартуды инвестициялау көлемін арттыру.
Экономикалық табыстармен қатар білім беру басқа да әлеуметтік табыстарды қалыптастырады. Азаматтық қатысудың үлкен үлесін, жоғары әлеуметтік тығыздылық және интеграцияны, төменгі деңгейдегі құқық бұзушылықты қамтитын қоғамның – әлеуметтік капиталдың қалыптасуына ықпал етеді. Ең ерте жастағы білім беру әлеуметтік, эмоционалды және басқа да өмірге қажетті біліктердің қалыптасуында маңызды рөл атқарады.
Білім беру қызметінің барлық спекторының алдағы дамуы пайдасының дәлелді аргументтері осында.
Қазақстандық білім беруді жаңғыртуды жалғастыруды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан кейін – Бағдарлама) Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын жүзеге асырудың ұйымдастырушылық негізі болуы тиіс.
Бағдарлама білім беру жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың ұйымдастырушы негізі ретінде білім берудің, басқару жүйесінің, білім беру қызметі субъектілерінің құқықтық-ұйымдастырушылық формаларының және экономикалық-қаржылық механизмдерінің құрылымындағы, мазмұны мен технологияларындағы өзгерістерді құрайтын ресурстары мен мерзімі бойынша бір-бірімен байланыстағы шаралар кешені болып табылады.
Білім беру және оқыту теориясының әдіснамалық негізі- таным теориясы, оқушы тұлғасын жан-жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілім болып табылады. Бұл теория білім беру және оқытуды арнайы ұйымдастырылатын іс-әрекет ретінде қарастырады. Білім беру және оқыту теориясының оқушыларды оқыту мәселесіндегі талаптарының бірі - танымдық белсенділік пен саналылық.
Бұл талаптың орындалуы оқушылардың оқу материалын түсінуге, өткенді жаңамен байланыстыруға, негізгісі мен қосымшасын анықтауға, алған білімдерін тәжірибеде пайдалануға, өз пікірлерінде оларға сүйенуге ұмтылысынан көрінеді. Білімді саналы меңгеру өз бетімен жаңа білім алуға мүмкіндік беретін ақыл-ой еңбегінің өзіндік тәсілдерін игермейінше іске аспайды. Оқушылардың белсенділік танымдық іс-әрекетінің көздейтін мүддесі - білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттігі негізінде дамиды. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады. Осыдан келіп, оқыту барысында оқушының іс-әрекетінде танымдық белсенділікті қалыптастыру талабы туындайды.
Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады. Танымдық белсенділік - оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған жаңа материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейту үшін өздігінен кітап оқып, бақылау тәжірибе жасау сияқты жұмыстар жасауы қажет. Өйткені өтілген материалдарды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни оқушының белсенділігі оқу үрдісінің барлық кезеңінде орын алуы қажет. Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, оқушылардың ақыл-ой қабілеттерінің мынадай элементтері дамиды: зеректілік, байқағыштық, ойлау және сөйлеу дербестігі т.б. Оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту және қалыптастыру мәселесіне зерттеушілер, педагогтардың, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған.
Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде сабақтың қалыптасқан дәстүрлі түрлерінен басқа, дәстүрсіз түрлері де пайда болуда.Ол, әрине қоғамның жаңару, жетілдіру жағдайында білім беру саласын реформалаумен тығыз байланыста іске асуда. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың мұндай дәстүрсіз түрлері көбінесе оның жеке әдістеріне негізделіп құрылуда.
Оқыту жұмысын тек сабақ арқылы ұйымдастыру мүмкін емес. Сыныптық сабақ жүйесінің негізгі кемшілігі - оқушылардың дара ерекшеліктерін дамытуға жеткілікті мүмкіндіктердің болмауы - оқытуды ұйымдастырудың басқа жолдарын іздестіруге себеп болды.Сондықтан оқушылардың сыныптық-сабақтағы танымдық әрекетін дамыту, толықтыру және оқушылардың өзіндік шығармашылық белсенділіктерін, қабілеттерін арттыру мақсатында оқыту жұмысын ұйымдастырудың қосымша түрлері қолданылады.Олардың қатарына семинар, экскурсия, факультатативтік, қосымша, конференция сабақтары, үйдегі оқу жүмысы, тәжірибелік-зертханалық және пәндік үйірме жұмыстары, олимпиада, сынақ және емтихан, өзіндік жүмыс түрлерін жатқызуға болады.
Оқу жұмысын ұйымдастыруда мұғалімнің тағы бір міндеті - оқушылардың сабақтан тыс кездерінде танымдық әрекеттерін тереңдету, үлгермеушілікті болдырмау. Сондықтан кейбір оқушылардың дарын-талаптарын, ғылымға бейімділігін немесе сұранысын сабақ барысында толық қамтамасыз етіп,жағдайлар жасауға әр кезде мүмкіндік бола бермейді. Өзіндік жұмысты мұғалімнің дұрыс басқара білуі және оқушының дербестік әрекетінің деңгейінің артып отыруы - осы жұмысты ұйымдастырудың негізгі белгілері болып табылады. Оқушының өзіндік әрекетінің нәтижесінде оның бойында мынадай қасиеттер қалыптасады:
1. Өзбетінше ойлану біліктері мен ізденімпаздығы.
2. Оқуға деген қабілетінің артуы.
3. Берілген білімді игеру ғана емес, оны жаңалап және тиімді игеру.
4. Басқа оқушылардың түсіндірмелеріне сын көзбен қарау.
5. Өз ойының дербестігі.
Ол оқудың жоғары ғылыми деңгейін қамтамасыз етіп, оқушылардың өзіндік білім алуы мен шығармашылық дамуына да ықпал етеді. Оқушылардың факультативтік оқуда алған білімдері мен дағдылары сабақтарда белсенді қолданып, олардың міндеттері, мазмұны мен әдістері арасындағы өзара байланыс логикалық тұрғыда іске асса, онда оқу жүйесінің нәтижесі анағұрлым артады. Конференция ретінде өткізілетін сабақ түрі кейбір тақырыптарды меңгерту, оның ғылыми дәрежесін көтеру мақсатын көздейді
Ғылыми педагогикалық зерттеулерде "өзіндік жұмыс" ұғымына бірнеше анықтамалар берілген:
- оқыту үрдісінде енгізілген оқушылардың өзіндік жұмысы мұғалімнің тікелей қатысуынсыз орындалатын жұмыс; бұл жағдайда оқушылар саналы түрде тапсырманың мақсатына қол жеткізуге өздерінің күштерін пайдалану және танымдық іс-әрекеттерінің нәтижелері арқылы іске асады (Б.П.Есипов);
- оқушылардың тапсырмаларды еш көмексіз, мұғалімнің бақылауынсыз орындауы (Р.М.Микельсон);
- өзіндік оқу іс-әрекеті дегеніміз - бұл дидактикалық ұғым, ғылыми практикалық міндеттерді өз бетімен қою, оның шешімін табудың өзіндік
тәсілдерін болжау және анықтау, жеке тұлғаның өзін-өзі бақылауы, өзін-өзі бағалауы негізінде педагогикалық үрдіске қатынасушылардың өзара іс-әрекетінде қалыптасқан жеке тұлғаның интегративті білімі (А.Х.Аренова);
Өзіндік жұмысқа бейімдеу - оқушыны өзін-өзі дамытатын белсенді тұлға ретінде өзін тануға,өзіндік дамуға, өзін бақылап бағалауға қабілетті,мұғаліммен тең диалогтық қарым-қатынасқа түсе алатын тұлға ретінде қалыптастырушы фактор. Біздің пікірімізше оқушыларды өзіндік жұмысқа бейімдеу тиімді болу үшін мынадай шарттар керек:
- өзіндік жұмыстың мәні мен қызметтері нақтыланып ашылуы;
- өзіндік жұмысқа бейімдеуге арналған арнайы дидактикалық жүйе жасалынуы;
- тиімді қызмет ететін және дамытуға қабілетті арнайы жүйе анықталып тәжірибелік сынақтан өтілуі
Өзіндік жұмыстың түпкі мақсаты оқушының оқу-танымдық тапсырмаларды өз бетінше орындауы арқылы өзінің оқу процесін жетілдіруі. Біз анықтаған жүйенің өзіндік жұмыс блогына: өзіндік әрекет, өзіндік басқару және өзіндік бағалау компоненттері жатады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
2. Есипов Б.П. Самостоятельная работа учащихся на уроках. – М.: Учпедгиз, 1961. — 239 с.
3. Микельсон Р.М. О самостоятельной работе учащихся в процессе обучения. – М.: Учпедгиз, 1940.
4. Аренова А.Х. Учет преподавателем особенностей процесса адаптации студентов в условиях кредитной технологии //Вестник Академии Педагогических наук. - 2010. - 5 .- С. 41-47. - С. 2010