Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 сағат бұрын)
Права алуды қатаңдатып,автомектептерді бақылауға алу керек- Марат Қожаев

Сенат депутаты,Ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары Марат Қожаев елімізде көлік жүргізу куәлігін алу талаптарын қатайту қажет деп есептейді. Оның пікірінше, қазіргі жүйе жүргізушілерді сапалы дайындауға мүмкіндік бермейді, ал бұл жол-көлік оқиғаларының көбеюіне себеп болып отыр.

"Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу тым оңай болып кетті. Дамыған елдерде көлік жүргізу үлкен жауапкершілік саналады және оған қойылатын талаптар да жоғары. Біз де осы бағытқа бет бұруымыз керек. Автомектептерді толық бақылауға алып, заңсыз куәлік алудың жолын кесу қажет," – дейді сенатор.

Қожаевтың айтуынша, жүргізуші мектептеріне мемлекеттік бақылау енгізіліп, оқу мен емтихан тапсыру стандарттары күшейтілуі тиіс. Оның пікірінше, бұл өзгерістер жолдағы тәртіпті нығайтып, көлік басқару мәдениетін арттыруға ықпал етеді.

Ресми мәліметтерге сәйкес, Қазақстандағы жол-көлік оқиғаларының 96%-ы жүргізушілердің жол ережесін бұзуынан болады. Сондықтан депутат бұл мәселеге жүйелі түрде қарау керектігін атап өтті.

"Егер жүргізушілерді дайындау сапасын арттырып, куәлікті заңсыз алудың жолын жойсақ, жолдағы қауіпсіздік деңгейі едәуір жақсарады. Бізге жауапты және тәртіпті жүргізушілер керек," – деді Қожаев.

Егер заңа өзгерістер қабылданса, жүргізуші куәлігін алу процесі қаншалықты қиындайтыны белгісіз. Бірақ бір нәрсе анық – жол қауіпсіздігін арттыру мәселесі күн тәртібінен түспек емес.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама