Қағаздан жалауша жасау
Сабақтың мақсаты: қағаздан жалауша жасау туралы мәлімет беру.
Білімділік: оқушылардың бұрыннан алған білім, білік, дағды машықтарына сүйене отырып, қағаздан жалауша жасау тәсілдерін үйрету
Дамытушылық: шыдамдылығын, ұқыптылығын, жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру шеберлігін қалыптастыру және қауіпсіздік ережелерін сақтауға, құралдармен жұмыс жасауға икемділігін дамыту
Тәрбиелік: Оқушыға еңбекті өз бетінше жасауға шығармашылық бағытқа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап, ізденіс, практикалық әрекет, сын тұрғысынан ойлау
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, сөзжұмбақ, оқулық, жалауша түрлері, қауіпсіздік ережесі, суреттер, сызбалар.
Пәнаралық байланыс: тіл сабағы, математика, музыка, бейнелеу
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі:
Психологиялық дайындық
Гүл өсірсең терлеп,
Мұның аты еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты еңбек.
Қиындықтың бәрін,
Еңбек қана жеңбек.
- Бүгінгі еңбек сабағына қандай қажетті құрал - жабдықтарды пайдаланамыз? (слайд көрсету)
Олай болса, осы құрал - жабдықтарды пайдалану үшін, өткен тақырыптар бойынша еске түсіреміз.
Қайталау - білім анасы
1. Қағазды неден жасайды?
Қағаз ағаштан, қамыстан, сабаннан ескі қағазды затты өңдеу арқылы жасалады. Осылардың ішінде қағаз жасау үшін көп ағаш пайдаланады. Ол үшін арнайы құралмен үгіндіге айналдырады. Оған су қосып шылайды. Одан кейін осы қоспаны тұз қышқылы немесе арнайы ағартқышпен ағартып, үгіндіні әбден майдалайды. Енді қағаз мықты болып әрі жазған кезде сия жайылып кетпес үшін желім қосады. Сөйтіп қоспа әбден дайын болғанда арнайы құрал арқылы әртүрлі қалыңдатады, жұқалайды, кептіреді. Екі бетін үккіштен өткізіп, тазалап, әбден тегістейді. Әртүрлі көлемді орама жасайды немесе әртүрлі пішінде кесіп тұтынушыға жолдайды.
2. Қағаздың қандай түрлерін білесің? Оларды не үшін қолданады?
Жазуға арналған қағаздар, сурет салуға арналған қағаздар, ақ қағаздар, орауға арналған қағаздар, түрлі - түсті қағаздар, қатырма қағаздар.
3. Қағаздың қандай қасиеттері бар?
Қағаз - адам қолымен жасалатын материал. Оның өзіне тән қасиеттері бар. Әртүрлі бұйымдар жасаған кезде біз оның қасиеттерін білуіміз керек. Жыртылады, бүктеледі, иіледі, умаждалады, жанады, қиылады.
4. Жай қағазбен қатырма қағаздың қандай айырмашылығы бар?
Жай қағаз жұқа, жұмсақ болып келеді, қатырма қағаз берік болады. Умаждалмайды.
5. Қатырма қағаздан жасалатын бұйымдарды ата.
Кітап мұқабалары, папкалар, дәрі - дәрмек қораптары, азық - түлік қораптары
6. Жұмысшы сызықтар дегеніміз не?
Жай және түрлі қатырма қағазға белгілеу және оларды қию жұмыстарын орындауда қолданатын сызықтардың шартты белгілері
7. Қағаздың адам өміріндегі маңыздылығы?
Біз қазір өмірімізде қағазсыз елестете алмаймыз. Күнделікті өмірде тіршілігімізде ең көп қолданатын заттардың бірі осы қағаз, дәптер, кітап, газет - журналдар болып табылады.
Балалар, бүгін біздер тақтадағы сөзжұмбақты шешсек, қағаздан не жасайтынымызды білеміз.
Сөзжұмбақ
- Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қағаздан жалауша жасау.
Мұғалім: балалар, жалаушаны қайдан көріп жүрсіңдер?
Оқушы:
Мұғалім: Жалаушалар неден жасалады?
Оқушы:
Мұғалім: Мереке күндерінде көшені, бөлмелерді безендіру үшін қағаздан, матадан әртүрлі шағын жалаушалар дайындалады. Жалаушаларды жіпке тізіп іліп қояды. Ол бөлмелер мен көшелерді сәнге бөлейді. Жалаушаларды қолға ұстап жүреді.
Қауіпсіздік ережесі:
. Еңбек сабағына арналған ұшы доғал қайшыны пайдалан.
. Қайшының ұшын жоғары қаратып ұстама.
. Қайшыны ашық күйінде қалдырма.
. Екінші адамға қайшыны сабы жағымен ұсын.
. Қайшымен қию кезінде жүрме, жолдасыңа жақындама.
. Жұмыс соңында қайшыны қабына салып қой.
. Желімді иіскеуге болмайды.
Практикалық әрекет
Сергіту сәті (музыка сүйемелдеуімен)
Бала - бала балақан.
Қане қайсы жалаушаң,
Жалаушаны қолға алып.
Би билейік айналып.
Топ, топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса, жаса алтын күн,
Жаса, жаса жарқын күн.
Сабақты бекіту
Мұғалім: бүгінгі сабақта қағаздан қандай бұйым жасадық?
Оқушы: қағаздан жалауша жасадық.
Мұғалім: жалауша, шар туралы өлең, жаңылтпаш, жұмбақ сұрау.
(ауызша сұралады)
- Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
- Қандай көңіл - күйде болдыңдар?
- Балалар өте жақсы еңбектендіңдер!
Көрме ұйымдастыру (оқушылардың жұмысы бағаланады)
- Сабақ аяқталды, сау болыңдар!