Қағаздан бұйымдар жасау
Сабақтың тақырыбы: Қағаздан бұйымдар жасау
Сабақтың мақсаты: қағаздан бұйымдар жасау туралы мәлімет беру.
Білімділік: оқушылардың бұрыннан алған білім, білік, дағды машықтарына сүйене отырып, қағаз пластикасымен жұмыс істеу тәсілдерін меңгерту.
Дамытушылық: оқушылардың логикалық қабілетін арттыру, дүниетанымын кеңейту, шығармашылық шеберлігін қалыптастыру.
Тәрбиелік: адам мен тірі табиғат арасындағы байланыс туралы мағлұмат бере отырып, қоршаған ортаны қорғауға, әсемдікті сезіне білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, ой қозғау, сызбалар, ой шақыру, сын тұрғысынан ойлау, кубизм, рафт әдісі, талдау, жинақтау.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, торғайлар, көбелектер, қызғалдақтар, суреті, бейнесөз, жұмбақ, интерактивті тақта, плакат.
Пәнаралық байланыс: еңбек, дүниетану, тіл сабағы
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
а) назарын сабаққа аудару
ә) сабаққа қажетті құралдарын дайындау
Психологиялық дайындық.
Түйе боздап, қой қоздап қорада шу,
Көбелек пен құстар да сайда ду - ду.
Гүл мен ағаш майысып қарағанда,
Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су.
«Қызғалдақтар» тобы
Келіпті көктем
Көрікті неткен!
Қызғалдақ гүлдеп,
Күн нұрын төккен.
«Көбелектер» тобы
Іздеп - іздеп не керек,
Таптым бір гүл керемет.
Гүл дегенім бірақ та,
Болып шықты көбелек.
«Құстар» тобы
Дала гүлге бөленді
Қуанышқа кенелді
Орман, тоғай, бақтарда
Құстар сайрай жөнелді.
Жаңа сабақ.
Ой қозғау.
Аппақ ұлпа бетіне,
Әсем бейне саламыз.
Сөз, сөйлемді, мәтінді,
аламмен көркем жазамыз. (қағаз)
«Кубизм» әдісі. Санды кубикті лақтыру арқылы түскен санның астына жасырылған сұрақтарға жауап беру.
«Қызғалдақтар» тобына қағаздың шығу тарихы туралы айту.
«Көбелектер» тобына қағаздың қасиеттер туралы айту.
«Құстар» тобына қағаздың қажеттілігі туралы айту.
Бейнесөз шешу (слайдтан көрсету)
Балалар қандай сөз шықты? (оқушылар жауабы)
Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қағаздан бұйымдар жасау. (слайдпен көрсету)
Кіріспе.
Жалпы қағазды кітап шығаруға қолданумен қатар ұлы суретшілер оны сурет салуға пайдаланады. Кейін келе суретші конструктор, дизайншылар түрлі қағаздан әдемі заттар мен бұйымдар жасауды ойлап тапты. Жапон елінде қағаз пластикасы пайда болды, ол «оригам» деп аталады.
Қағаз пластикасымен жұмыс істеу үшін ең алдымен қағазды дұрыс бүктеу, қаттау және ию тәсілдерін меңгеру керек. Жұмыс істеуге өте қолайлы болып келетін түрлі түсті қағаздарды пайдаланған жөн.
Қағаздан әр түрлі бұйымдар жасауды сендер 1 - сыныптан бастап үйреніп келесіңдер. Қағаздан жеке - дара қарапайым жәндіктер мен құстардың бейнесін жасап үйрендіңдер. Енді солардың күрделі түрлеріне көшеміз.
Сюжеттік көріністі әр түрлі қағаздарды бүктеу арқылы жасап көрейік. Гүлге қонған көбелек бір түсті болмауы тиіс. Сонымен қатар олардың ішінен ерекшелігіне де жете назар аударуымыз керек. Әрбір көбелектің пішіндік ерекшелігіне және формасына байланысты қағазды ұқыпты бүктеу арқылы көбелектің көлемді формасын жасаймыз. Мұнда сендер бірнеше көбелектер мен гүлдердің түрін қағаз пластикасынан жасап үйлестірулерің керек.
Мұнда сендер қағазбен жұмыс істеудің күрделі түрімен танысасыңдар. Қағазды бүктеу, орау, июдің бірнеше қайталанып келетін түрлерін көреміз. Жұмыс істеу кезінде өте ұқыпты, мұқият болмасаңдар, шатасып қалуларың мүмкін. Сондықтан әрдайым бүктейтін орындар мен қағаз орамдарды белгілеп отырған дұрыс. Қағаздан жасалатын бұйымның көлемдік жағына байланысты қағаз бері ішке қарай немесе кері бүктелуі мүмкін. Ал кейде қағаз орамы бірнеше рет қайталанып келуі де ықтимал. Сондықтан бүктеу тәсілдерінен шатыспау үшін оны қарындашпен үзік сызықтар арқылы белгілеген орынды.
Қағаз пластикасымен жұмыс істеуге өте қолайлы болып келетін түрлі түсті қағаздарды пайдаланады.
Ой шақыру.
Балалар қазір қандай мезгіл?
Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады? Сұрағы бойынша топтау әдісін пайдаланып, білгендерін қағазға түсіру.
Сурет бойынша жұмыс.
Практикалық әрекет
Оқушылардың жұмысын суретке ілу, қорғау.
Рөл
Аудитория
Форма
Тақырып
Көктем көрінісін суреттейтін өлеңді аяқтау.
....................... көңілді,
....................... төгілді.
....................... ашылып.
........................ көрінді.
Бағалау (өзін - өзі бағалау).
Тыңдағандарыңызға рахмет!