Photo: Bia Limova (https://www.pexels.com/@bia-limova-1908542654) / Pexels
- 10 сәу. 2026 05:30
- 26
Қайрат Нұртастың ұлы мектепте мұғалімімен билеген видеосы желіні шулатты
Танымал әнші Қайрат Нұртастың үлкен ұлы Нарұлдың мектепте мұғалімімен бірге билеген видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Видео желіде тарағаннан кейін көпшілік Нарұлдың бұл әрекетіне әртүрлі пікір білдірді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желі қолданушыларының кейбірі Нарұлдың әрекетін жас баланың қылығына балап, кешіріммен қарауға шақырса, енді бірі мектептегі тәртіпке нұқсан келтіреді деген пікірді алға тартты. «Осыдан кейін мектепте қандай тәртіп болсын?», «Әншінің ұлы көңіл көтеріп жүр», «Қайраттың ұлы болған соң шыдап тұр ғой», «Сонда бәрібір ме?» дегендей пікірлер жазылды.
Айта кетейік, Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың отбасында 2 ұл, 3 қыз тәрбиеленіп жатыр.