Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 19 сағат бұрын)
Қаламгерлер сайысы: Кезекті апта қорытындысы

Эссе және өлең-жыр байқауының кезекті жеңімпазы анықталды. Айта кетейік, осы жолғы үздік туынды қазан айын қорытындылап отыр. Қазан айында әр аптаның қорытындысы бойынша үздік деп танылғандар: Жомарт Қалмұратов, Нұрсұлтан Қожағұл, Абзал Алтый. Ал осы айдың соңғы жеңімпазы – Гүлдана Бекболат есімді ару!

Сегізінші апта қорытындысы бойынша үздік деп танылған туындыны назарларыңызға ұсынамыз:

Жастық жыры

Көр кеудені етер дейсің кім үлгі,
Тыңдатпаққа ұмтылсаң да үніңді?
Бұл заманда оқығандар- көшбасшы,
Озатын да, әр додада- білімді!

"Жастық шақ" деп жүрме текке, бозбала,
Ғұмыр бір рет берілетін аз ғана.
Болашаққа үнің жетсін үлгі етер,
Мақтанып айт, тарихыңды қозға да.

Бой жеткен қыз, бос әуреге құнықпа,
Лайланады сен арқылы тұнық та.
Ұрпағыңа сана бер деп сұрасаң,
Ата-бабаң, дәстүріңді ұлықта.

Ерме құрбым, арзан сөзге елеңдеп,
Жеткізеді мақсатыңа- өр еңбек.
Мағжан бабам айтпадыма әуелде,
Біз жайында "Мен жастарға сенем" деп?

Оқы. Ұмтыл. Ізден. Алға бас қадам,
Білім іздеп озуды ойла басқадан.
Өзге елмен терезені тең ұстап,
Сен арқылы шырқалмай ма, асқақ ән?

Алаңдатса "не болмақ" деп ертеңің,
Бойыңызды жеңбеу керек келте мұң.
Отбасынан бастау алмақ
Отан да, Қамын ойла, өсіп-өнер өлкенің.

Болу үшін бізде бөлек жер, таңбам,
Әр бабамнан тектілікпен тер тамған.
Елдігімді айқындайтын әлемге,
Қымбат мәңгі, Әнұран, Ту, Елтаңбам!

Қалай дамып, өсем десең еркіңде,
Көмек қолын созбайды екен, ел кімге?
Оқимын деп ұмтылғандар шет қалмай,
Білім алып жүрген жоқ па, "Серпінде"?

Шет елде де ізденуді қаласақ,
Мүмкіндікті беріп қойған "Болашақ".
Өзгелерден бәсекеде озбаққа,
Жас өрендер, дара жүріп, дара шап.

Келешекке көрсетуге мәңгі үлгі,
Елімізді талайларға таң қылды.
"Достық жылын" жариялап Елбасы,
Тарих болып "жаңа есім" жаңғырды.

Мүмкіндікті құр жіберіп, тастауға,
Болмас сірә, игі бір іс ашпауға.
"Жастар жылы" аталынған "он тоғыз",
Мың-мыңдаған жақсылыққа бастауда.

Әрбір қазақ, ардақты едің, еңселім,
Қайыспайтын, қиындық та келсе мың.
Кеуде керіп мақтанышпен арта алам,
"Мәңгілік ел" жастарына мен сенім!

(Автордың орфографиясы мен пунктуациясы сақталған)

Жеңімпазды құттықтаймыз!

Сыйлықты алу үшін bilimland.kz сайтымен байланысуыңызды сұраймыз!

Еске салайық, bilim-all.kz және bilimland.kz сайттары жас қаламгерлер арасында сайыс жариялаған болатын. Барлық талаптармен Қаламгерлер сайысы сілтемесі арқылы таныса аласыз.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама