Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қарапайым графикалық редакторы. Суретті салу, сақтау және ашу
Қостанай облысы,
Арқалық қаласы, Фурманов ауылы, Фурманов орта мектебі
информатика пәнінің мұғалімі Айдын Естайлакова

Информатика 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қарапайым графикалық редакторы. Суретті салу, сақтау және ашу.
Білімділік: оқушыларға редактордың құрал - саймандарын дұрыс пайдалана білу және командалары орындай алу қызметін меңгерту.
Дамытушылық: оқушылардың графикалық бейнелеу жұмыстарын орындау арқылы бейнелік ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілік: оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, нәтиже алуға және уақытты үнемдеуге дағдыландыру, ақпараттық мәдениеттілікке, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Практикум элементтері бар, көрсете – түсіндіру
Сабақ түрі: Аралас сабақ. Практика.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап, жазбаша жұмыс, әңгіме.
Құрал – жабдықтар, көрнекті құралдар: АКТ құрылғылары, үлестірмелер

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй жұмысын тексеру. (Өзіңді тексер)
III. Жаңа сабақ түсіндіру.
Оқулықпен жұмыс
ІV. Жұмбақтар шешу.
V. Тапсырмалар орындау.
VІ. Сәйкестендіру тесті
VІI. Қорытындылау.
VІІI. Үй тапсырмасын беру
IX. Бағалау

II. Үй жұмысын тексеру: Оқулықпен жұмыс
Өзіңді тексер!
1. Файлды сол атпен қайта сақтау үшін қандай бұйрықты таңдау керек?
а) Қалай сақтау
в) Қайтадан сақтау
с) Сақтау +
d) Құру
2. Файлды жаңа атпен қайта сақтау үшін қандай бұйрықты таңдау керек?
а) Қалай сақтау +
в) Қайтадан сақтау
с) Сақтау
d) Құру
3. Ctrl+O пернелер тіркесімі қандай бұйрықты алмастырады?
а) Қалай сақтау
в) Ашу +
с) Сақтау
d) Құру
4. Ctrl+S пернелер тіркесімі қандай бұйрықты алмастырады?
а) Қалай сақтау
в) Ашу
с) Сақтау +
d) Құру
5. Қосымшаның терезесін жабу үшін қандай пернелер тіркесімін қолдануға болады?
а) Ctrl+S
в) Ctrl+О
с) Alt+F4 +
d) Alt+Tab

Жаңа сабақты Paint графикалық редакторына байланысты «Ертегі әлеміне саяхат» жасау.
Ерте, ерте, ертеде ешкі жүні бөрте де әр түрлі түстер өмір сүріпті. Олардың жеке аттары болыпты. Олар: қызыл, жасыл, көк, сары, қара және т. б. Бір күні оларды қарындаш жинап алып сурет салмақшы болыпты. Бірақ оған түстер қарсы болыпты. Қарындаш түстердің қылықтарына шыдамай Microsoft ағайға хат жазыпты, былай деп:«Құрметті Microsoft ағай, түстер өз беттерімен кетті, сіздің тез арада келуіңізді өтінемін. Мекен – жайым:
Windows ауылы
Программалар көшесі
Сәлеммен: Қарандаш»
Осыдан кейін Microsoft ағай ойланып - толғанып, Сурет салу редакторын құрастырып, оның атын Paint қойыпты.
1. Paint графикалық редакторы қалай іске қосылады?
Жауабы: Іске қосу – Бағдарламалар – Стандартты – Paint графикалық редакторы.
2. Ол кемпірқосаққа ұқсайды /түстер палитрасы/.
3. Ол жүгірмек әр терезеде бар, ол тек оңға – солға, жоғары – төмен жүгіреді./сырғытпа немесе айналдыру жолақтары/

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама