Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қарым - қатынас тренинг - ойындар
Қарым - қатынас тренинг - ойындар.
Мақсаты: Топтағы балалармен қарым - қатынас орнату, балабақшаға бейімделуіне эмоционалды көмек беру, өзін - өзі дамыту, зейінді дамыту, психоэмоционалдық қысымды тежеу, эмоционалды нақты қимылдарды дамыту.
Сабаққа керекті материалдар: жағымды әуен.

Тренингтің барысы:
Жылулық шеңбері: «Күн» ойыны.
Мақсаты: оқушыларды өзін таныстыруға, дұрыс сәлемдесуге, басқаларды тыңдай білуге үйрету.
Жүргізілу барысы: Менің қолымда күн тұр. Ол қазір айнала барлығымыздың қолымызға өтеді. Кімде - кімнің қолына, күн түссе, сол өз атын атап, көршісінің атын атап, шарды оған береді.

Орманға саяхат жаттығуы.
Психолог балаларды ойдан шығарған орманға саяхатқа шығарады. Балалар психологтың қимылдарын орындап артынан келе жатады: аюды оятып алмай аяқтың ұшымен тып - тыныш, ойдым жерлермен, төбешіктермен, айналасы тікенекке толы жіңішке жолмен жүріп келеді, астында бұлағы бар қираған көпірден өтіп, батпақты жерлерден секіріп, еңкейіп саңырауқұлақ пен гүлдер теріп, жоғарыдағы жаңғақтарды жинайды.

Тас пен жолаушы жаттығуы.
Психолог серуеннен кейін демалу керектігін айтады. Балалардың біреулері тас, ал кейбіреулеріне жолаушы болу ұсынылады. Тас болған балалар жерге тізесін құшақтап, қатып отырады, ал жолаушылар тас болып отырған баланың арқасына сүйенеді. Содан балалар орындарын ауыстырады.

Төрт құбылыс тренингі
Мақсаты: Топтағы балалардың бір - бірімен жақындай түсуі және жеке тұлға арасында жағымды
қарым – қатынасты орнату, есте сақтау қабілетін дамыту.
Уақыты: 10 - 15 минут
Жүргізілуі: Балалар шеңбер жасап тұрады. Жүргізуші “су” деген дегенде балалар қолдарын алдарына созады, “ауа” дегенде қолдарын жоғары көтереді, “от” дегенде екі қолын айналдырады, “жер” дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатысса сол ойыннан шыға береді.

Құлақ – мұрын тренингі
Мақсаты: Балада қабылдау процесінің қалай дамығанын анықтау. Жүргізілуі: Балалар шеңбер жасап тұрады. Жүргізуші “құлақ” деп қолымен мұрынын, ал “мұрын” деп құлағын ұстайды. Ал балалар шатастырып алмай “құлақ” дегенде құлағын, “мұрын” дегенде мұрынын ұстау керек.

«Балдырған» тобы.
Педагог - психолог: Каирбаева А. К.
Қарым - қатынас тренинг - ойындар жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама