Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 сағат бұрын)
Қарындас туған күнің құтты болсын!

Айналайын, ақ маңдай қарындасым,
Алға сүйрер арманың сарқылмасын.
Қайырылмасын қанатың топшысынан,
Ешқашан да заманың тарылмасын.

Толықсыған қарындас жадымдасың,
Жадымдасың, ендеше жанымдасың.
Бұйыртса әлі талай жүздесерміз,
Әзірге сәлемдесу арылмасын.

Айдынды шалқар көлдің аққу сәні,
Аруларға жарасар гәкку әні.
Қарындас туған күнің құтты болсын
Құттықтау, есте қалу — өмір мәні.

*** *** *** ***

Жолдарыңа гүл бітсін
Қарындас,
Құтты болсын туған күнің,
Өзіңе сый сыйлаймын жырдан бүгін.
Шыңдағы Еңлік гүлі бір өзіңсің,
Жігіттің қолы жетпей тұрған бүгін.

Төгілсін бақыт нұры жан жағынан,
Махаббат оты маздап таңдарынан.
Талайды тамсандырған ару едің,
Танбағын
Сұңқар құстай самғауынан.
 
Шаттықтың көздеріңнен нұрын көрем,
Қалпыңнан өзгермегін күлімдеген.
Жарқылдап,
Жайнай бергін ортамызда,
Гүл бітсін жолдарыңа жүрілмеген!

*** *** *** ***

Күл, жайна!
Білмей өткін мұңаюды,
Шашу ет жүректегі шуағыңды.
Жүрейік бақытыңа куә болып,
Шалқыған шаттық жусын шырайыңды.

Жаз мінез, шат күлкіңмен нұрланды күн,
Жол ашқан қуанышқа думан бүгін.
Тілейміз аппақ гүлдей аппақ тілек,
Қарындас, құтты болсын туған күнің!

*** *** *** ***

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама