Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қарындастарға арналған құттықтау, тілектер

Менің бес тамырласым бар.
Өмір-өзендегі бес ағындасым бар.
Бес байлығым, ырысым, бес өрісім,
Менің бес қарындасым бар.

Беу, менің қанаттастарым!
Шын қуандыңдар жазылса абат дастаным.
Сендерменен тереңдеп тұңғиық өмір.
Сендерменен биіктеп баратты аспаным.

Өмір бесеуіңді көш жолға салды,
Бір-біріне ұқсамайтын бес жолға салды.
Ең қастерлі бойтұмар етіп, көз көрген күнді,
Барасыңдар ұзатып өз керуендеріңді.

Сендер бір көзден шыққа бұлақсыңдар,
Бір оттан тұтанып жанған шырақсыңдар.
Маған тірексіңдер, жаныма қуатсыңдар,
Мейірім, ізгілік төгетін шуақсыңдар!
 
Біріңнің бойында әкемнің өсиеті бар,
Біріңнің бойында анамның қасиеті бар.
Құс жолында жолыққан жұлдызды түндерімсіңдер,
Мені бақытқа бөлеген күндерімсіңдер.

Аялаймын сендерді қайда жүрсем де,
Бесеуің бес тал әдемі гүлдерімсіңдер.
Ойға батқанда сендерді сағынды аспаным,
Сау жүріңдерші, қайда да қарындастарым!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама