- 20 сәу. 2021 00:00
- 194
Қашықтықтан оқытуда интерактивті оқу-әдістемелік қосымшалардың тиімділігі
Ағымдағы жылдың 8 сәуірінде Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Қашықтықтан білім беру: белсенді әдіс-тәсілдер арқылы құзыреттілікті дамыту» атты шарада Көксу политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Закенова Айша Рашитқызы «Тамақтандыру» мамандығының 3 курс білім алушыларына «Қоймаларға қойылатын талаптар және тамақ өнімдерін сақтау шарттары» тақырыбында ашық сабақ жүргізді.
Сабақ басында қызығушылықты оятуда «Жаңа білімге көпір салу» стратегиясын ала отырып, қызықты сұрақтар қою арқылы білім алушылардың тақырып туралы не білетіндігі анықтады, жаңа сабаққа тартты.
Қоймаларға қойылатын талаптарды және тамақ өнімдерін сақтау жағдайларын оқып үйрену, алған білімдерін практикада қолдану мақсатында жүргізілеген сабақ барысында оқытушы Wooclap - интерактивті кері байланыс арқылы, «Sorting» - қоймада азық түлікті орналастыру тәртібін реттеу тапсырмасын беріп, тексеру барысында білім алушылардың 78% дұрыс орындап шықты.
LearningApps.org бағдарламаcы арқылы азық-түлік сақтау әдістерін тоңазытқыш камерасында және салқындатылмаған қоймаларда сақталуын анықтауда шешімнің дұрыстығын (Frue) немесе дұрыс еместігін (False) белгілерімен анықтап 100% көрсеткішпен кері байланыс жасады. Бұл әдіс арқылы топта білім алушылар арасында позитивті қарым-қатынастың орын алғанының айғағы деп түсінуге болады.
Тамақ өнімдері сақталу шарттары мен сақталу мерзімдері үшін WordWall платформасы арқылы жетіспейтін сөздерді топтық жұмыста орындатты. Әр білім алушыға жауап беру мүмкіндігі берілді.
Оқытушы интерактивті оқу-әдістемелік қосымшаларды тиімді пайдалануда білім алушылардың талдау жасау, жинақтау, бағалау дағдыларын жетілдіре алды және оқу материалдарын деңгей, уақыт, көлеміне қарамастан меңгерте алды.
Сабақты қортындылау кезеңінде білім алушылар өз ойларымен бөлісіп, меңгерген білімдері арқылы өз өмірінде шешім қабылдай алатындығын дәлелдеп көрсетті.
Сабақ барысында қолданылған әдістерді – білім алушыларға белсенді білім беруде жиі қолданылса, сабақтың сапасын көтерумен қатар білім алушының білімге деген құштарлықтарын да арттыра түсері анық. Закенова Айша Рашитқызы өзін білікті оқытушы ретінде көрсете білді.
«ДИАНА» Жоғары медицина колледжі әдіскері
Даниял Гүлнәр Сайранханқызы