Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Қасым – жыр, Қасым – ән.
Тақырыбы: Қасым – жыр, Қасым – ән.

Мақсаты: Оқушыларға асқақ ақын Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығын таныту, ақын туындылары арқылы жас жеткіншектерге адамгершілік, патриоттық тәрбие беру, әдебиет әлеміне сүйіспеншіліктерін арттыру.
Көрнекілігі: Тақырыптық слайдтар.
Барысы: 1. Кіріспе.
2. Кешті ашуға салтанатты сөз.
3. Баяндама.
4. Ән. «Өзім туралы».
5. Өлеңдері.
6. Ән. «Атамекен».
7. Скетч. «Ауру мен ажал».
8. Ән.
9. Хаттардан үзінді.
10. Қорытынды.

Қасым – жыр, Қасым – ән
(Қасым Аманжоловтың мерейтойына арналған әдеби - сазды кеш)

Оқушы: «Нұрлы дүние»
Нұрлы дүние – сырлы сарай,
Айқара ашып есігіңді,
Ендім аңсап алтын арай,
Арманым жоқ осы күнгі.
Нұрлы дүние, от бердің сен
Көкірегімде мәңгі лаулар.
Бердің қуат, бір сілкінсем,
Арқама орнар асқар таулар.
Нұрлы дүние, қадіріңді
Білемін де жырлаймын ғой.
Әнмен қарсы ап әрбір күнді
Түн - түнекке ұрмаймын бой.
Нұрлы дүние - туған елім,
Жарқылдайсыңжас айбынмен.
Бір сен үшін туған елім,
Бір сен үшін жасаймын мен.

Көзі тірісінде – ақ ақиық, асау, асқақ ақын ретінде танылып, күллі қазақтың сүйікті перзентіне айналып, бас айналдырар даңқ биігіне көтерілген Қасым Аманжоловтың 100 жылдық мерейтойына арналған кешімізге қош келдіңіздер!
Қыран қанатты ақынға арналған «Қасым - жыр, Қасым - ән» атты әдеби - сазды кешті ашу үшін сөз әдістемелік бірлестік жетекшісіне беріледі.
Ұлы ақын мына өмірде небәрі 44 - ақ жыл ғұмыр кешіпті.
Аса аз өмір. Қамшының сабындай тым шолақ ғұмыр.
Мұның үстіне оның өмірі аса ауыр болып, жетімдікпен, ашаршылықпен және апатпен, алапат соғыс оқ – жалында өтсе де, артына 4 томдық асыл мұра қалдыруы таң қаларлық құбылыс емес пе?! Мол мұрасы арқылы біз өлеңі өртке тиген дауылдай ақын Қасымды, аудармашы Қасымды, драмашы, журналшы, сыншы Қасымды танимыз.
Назарларыңызға ақын өмірі туралы 9 - б сынып оқушысы ------------------ «Жыр алыбы» баяндамасын ұсынамыз.
«Өзге емес, өзім айтам өз жайымды» деген еді Қасым ақын, Ендеше 11 - сынып оқушысы ----------------------- орындауындағы Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» әнін қабыл алыңыздар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама