Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
"Ара мен шыбын" Оспанхан Әубәкіров
4 сыныпқа арналған ана тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспары
Сабақтың атауы: Ара мен шыбын
Мысал өлең Оспанхан Әубәкіров
Сілтеме: Ана тілі оқулығы, ғаламтор материалдары
Сабақтың мақсаты: Диалогтық оқытуды қолдану арқылы өлеңнің негізгі идеясын түсіну. Оқушыларды ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі: Мәтіннің негізгі идеясын түсінеді.
Топта жұмыс істей отырып, өз ойларын бір ортаға тоғыстырады.
Бірін бірі бағалауға үйренеді.
«Көрнекілік» стратегиясы арқылы оқушылар қызығушылығын арттыру.
1. Ара және шыбын туралы мәлімет.
2. Жұмбақтар шешу.
3. Мысал өлеңді мәнерлеп, рөлге бөліп оқу. (Оқулықпен жұмыс)
4. Ара мен шыбынды салыстыру. (Венн диаграммасы арқылы)
5. Сергіту сәті.
6. «Қонақ келсе құт» тақырыбында шағын эссе жазу.
7. Қорыту. Жиынтық бағалау.

Аралар – аналық, аталық және жұмысшы болып 3-ке бөлінеді. Олар топтасып тіршілік етеді. Бал аралары өте еңбекқор жәндік. Олар бал жинау үшін гүлден гүлге қонады. Жұмысшы аралар гүлдердің коп шоғырына кезіккен кезде басқа араларға сегіздік жасай отырып ұшып хабар береді.
Аралар медицинада кеңінен қолданылады. Балдың емдік шипасы мол.

Шыбын органикалық қалдықтарды жояды. Олар лас жерлерде шоғырланып жүретіндіктен ішек - асқазан ауруларының және дизентерия ауруларының қоздырғыштарын таратады. Шыбын бунақденелілерге жатады. Онымен құстар қоректенеді. Шыбындар да осылай табиғатқа өз кезегінде пайдасын тигізеді.

Жұмбақтар шешу:
1. Иісшіл ит емес.
Ұшады, құс емес.

2. Бар жұмысшы ермегі
Талмай қанат қағады.
Еңбекті хош көрмейді
Жат ыдысты бағады.

3. Күдірейген жоны
Алабажақ тоны.

Мұғалім жазбалары:
Суреттер арқылы оқушыларды 4 топқа бөлу. (Аралар мен шыбындар)
2. Слайдтағы жұмбақтарды шешу арқылы оқушылардың ойлау деңгейлері анықталып, сараланды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама