Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қасымхан Балуан

Қасымхан жас кезінде бір бай орыстың жылқысын бағады. Жаздыгүні демалысқа келген байдың Петербургтегі офицер баласы мен Қасымхан достасып кетеді. Бірде екеуі ат қорадағы жылқыларды өзендегі суға түсіріп, суарып жүргенде байдың баласы суға батып кетеді. Қайғыдан қаһарланған әкесі Қасымханды «баламды әдейі өлтірдің» деп Сібірге айдатады. Уссурийскіде Қасымхан тайганың ағашын кесіп, шпал дайындайды. Бөренелерді ойыншық құрлы көрмей, аударып-төңкеріп, иығына салады. Қолтығына қысып көтеріп, тұтқындардың және түрме басшыларының арасында құрметке ие болады.

Бір күні ат қорада әбден жемге тойып, ерігіп тұрған семіз аттарды тарантасқа жегіп, орыс әскерінің генералы әйелімен серуенге шығады. Әбден тойынып күйі келіскен тоқ аттар делбеге бой бермей, ала қашады. Тарантастың дөңгелектері жерге бір тиіп, бір тимей, қаңбақтай қаңғалақтай ұшады. Бір уақытта құйғытып шауып бара жатқан аттардың алдынан Қасымхан шыға келеді. Ол арбаны өткізе беріп артқы білігінен қос қолымен ұстап, талтайып тұра қалады. Аттар тырп етпей тоқтай қалады.

Аттардың аршынының күштілігі соншалық, Қасымханның аяғы тізесіне дейін жерге кіріп кеткен көрінеді. Өздерін қатерден құтқарған Қасымханға риза болған генерал оны айдаудан босатып, еліне қайтарыпты.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама