Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қаныш Сәтбаев

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев(1899- 1964) — жеріміздің қойнауындағы қазынаны көптеп тауып, ел игілігіне жаратуға дәнекер болған ұлы геолог-барлаушы, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, академик. Ол бұрынғы Семей губерниясы Павлодар уезіндегі (қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы) Ақ келін болысында дүниеге келген. Әуелі ауылда бастауыш білім алып, одан кейін Семей қаласындағы мұғалімдер дайындайтын семинарияда оқиды. Содан соң Томск технология институтын бітіреді. Институтты аяқтағаннан кейінгі он бес жылын Жезқазғанның Ұлытау ауданындағы кен байлығын ашуға жұмсайды. Қ. Сәтбаев Қазақстанда Ғылым академиясын құруға, оған мамандар даярлап, техникалық базасын нығайтуға үлкен еңбек сіңірген. 1946 жылы ашылған Қазақ Ғылым академиясының тұңғыш президенті болып сайланған.

Ол — Қазақстан геология мектебінің негізін салушы, сондай-ақ 100-ге жуық ғылыми еңбектердің авторы. Оның еңбектерінің ішінде тарих пен әдебиетке қатыстылары да бар.

Қаныш жастайынан тілге шешен, қазақтың ескі тарихын, өлең-жырларын жақсы білетін әкесінің шарапатты өнегесін алып өскен.
Өзінің жарқын да шабытты еңбекке толы ғұмырын сүйікті еліне арнаған. Англияда 1946 жылы Уинстон Черчилльдің қабылдауында болғанда: «Қазақтар нақ сіздей алып тұлғалы әрі бойшаң жаралған ба?» деген сұраққа: «О, жоқ, Черчилль мырза, халқым менен әлдеқайда биік!» деп жауап беру қазақтың Қаныштай даналарына тән ұлылық.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама