Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 16 сағат бұрын)
Қасыңда жүрсем
Қасыңда жүрсем,
Қадірім саған жоқ екен.
Қасыңнан кетсем,
Адамның нағыз қоры екем.
Қасыңда жүріп,
Күлетінім де сол екен,
Қасыңнан кетіп, жылайтыным да сол екен.
Қасыңда сенің,
Қағынып жүрген желөкпе,
Өзіңнен кетсе,
Өзгеге, сірә, керек пе?!
Мен деген, жаным,
Қадалған мәңгі бұтақпын,
Сен деген алып мың жүрегі бар терекке
Heгe де болса,
Сенімен бірге шыдаймын.
Негізім менің!
Неліктен сонша мұңайдың?!
Құласаң егер,
Құтқармақ болып мен сені,
Қадалып жерге,
Сенің астыңа құлаймын!


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама