Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 33 минут бұрын)
Қаскелеңде жоғалған жас әйел: Іздеу жұмыстарына бір жылдан асты

Қаскелең қаласында бір жылдан бері іздеуде жүрген жас әйелдің тағдыры әлі белгісіз болып отыр. Lider.kz еріктілер ұйымының мәліметінше, олар полициямен бірлесіп, жоғалған азаматшаны табу үшін бірнеше рет іздеу шараларын жүргізгенімен, әзірге нәтиже шықпаған.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Еріктілердің Instagram парақшасында жарияланған хабарламада Аманклышова Жайна Жеңісбайқызы, 1993 жылы туған, 2025 жылдың 8 маусымында сағат 6:00 шамасында Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, 30-шы квартал, Новостройка мекенжайындағы үйінен шығып кеткені айтылады.

Жоғалған әйелдің сипаттамасы

Жайна Аманклышованың бойы 175-178 см, арықша келген, шашы қара, ұзын әрі бұйра. Ол қара футболка және ақ шалбар киген. Қолында заттары бар пакет пен телефоны болған.

Қоғамнан көмек сұралуда

Іздеушілерді құрамындағы еріктілер халықтан көмек сұрап, осындай белгілері бар әйелдерді көрген-білгендеріңіз болса, хабарласуды өтінеді. Ақпаратты кез келген ыңғайлы тәсілмен беруге болады: телефон/WhatsApp арқылы +77013759291, +77051053131 нөмірлеріне хабарласуға немесе Instagram дирекке жазуға болады. Сондай-ақ, 102 нөміріне қоңырау шалуға да болады.

Жаңалықтар

Жарнама