Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 10 сәу. 2026 00:30
- 27
Қазақстандағы ең бай әйел кім? Forbes рейтингі жарияланды
Forbes басылымы Қазақстанның ең бай әйел кәсіпкерлерінің рейтингін жариялады. Тізімде 25 адам бар.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Байлықтың құрылымы
Әйел кәсіпкерлердің активтері негізінен отбасылық бизнеске, мұрагерлікке, неке одағына немесе іскерлік топтардағы үлестерге байланысты. Олар тек үлес иелері ғана емес, бизнесті басқарушылар ретінде де белсенділік танытады, жаңа өнімдер шығарып, бизнесті әртараптандырады.
Жалпы байлық шамамен 8,1 миллиард долларға бағаланады. Алайда, бұл қаржы теңсіз бөлінген. Капиталдың жартысынан көбі бір адамға тиесілі болса, ал алғашқы бестік жалпы көлемнің шамамен 87%-ын иеленеді.
Рейтингтің алғашқы бестігі
Қазақстандағы ең бай әйел ретінде Динара Құлыбаева танылды. Оның байлығы 5,4 миллиард долларға бағаланады. Күйеуі Тимур Құлыбаевпен бірге ол банк және жылжымайтын мүлік салаларындағы ірі активтерге ие.
Екінші орында 650 миллион доллармен Мукадасхан Ибрагимова, үшінші орында 550 миллион доллармен Дариға Назарбаева тұр. Ибрагимова Eurasian Resources Group және АО «Евразийская финансовая компаниясының» үлесіне ие болса, Дариға Назарбаева бірқатар радиостанциялар мен телерадиокомпаниялардың үлесін иеленеді.
Топ-5 қатарына сондай-ақ 249 миллион доллармен Анжела Сарсенова және 207 миллион доллармен Айжан Есім кірді.
Топ-5-тен кейінгі кәсіпкерлер
Рейтингте бөлшек сауда, қаржы, жылжымайтын мүлік, өнеркәсіп және білім беру салаларындағы кәсіпкер әйелдер де бар. Олардың қатарында Айдан Сүлейменова, Ханшаим Сейтжанова, Жанна Сейтжанова, Алена Сүлейменова, Гаухар Каппарова, Гүлнар Досаева, Раушан Сағдиева, Ирина Козлова, Александра Соколова, Любовь Дружинина, Сәуле Сейсембаева, Элеонора Баталова, Карина Сарсенова, Әлия Маханова, Наталья Акентьева, Сәуле Зейнолла, Амина Қасымова, Сандуғаш Кемельбаева, Галина Зкрияева, Амина Ажмаганбетова, Гаухар Абыкаева және Жанна Кан бар.