Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Қаскелеңдегі жанжал: Баланы ұрған жігітті басқа әке жазалады

Қаскелең қаласындағы қоғамдық моншада 27 жастағы қызметкердің 13 жасар баланы ұрып соққаны туралы оқиға күтпеген сипат алды. Бұл жайтты жәбірленуші баланың анасы әлеуметтік желіде жариялады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Істің шиеленісуі

Анасының айтуынша, ұлы ешкімге тиіспегенімен, Заманбек Қазбеков есімді монша қызметкері мас күйінде оған тиіскен. Алғашқыда полиция бұл жайтты «ұсақ бұзақылық» бабымен қарап, 15 тәулікке дейін қамау жазасын қарастырған. Алайда, ананың талап етуімен іс Қылмыстық кодекстің 109-1 бабы («Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру») бойынша тергеле бастады. Бұл бап бойынша жаза мерзімі 50 тәулікке дейін жетуі мүмкін.

Екі жақты шағым

Оқиға мұнымен аяқталмады. Оқиға жайлы естіген басқа бір баланың әкесі моншаға келіп, 13 жастағы баланы ұрған 27 жастағы жігіттің өзін ұрып соққан. Нәтижесінде, екі тарап та бір-біріне шағым түсіріп, қазір екі іс бойынша да тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар

Жарнама