Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 14 сағат бұрын)
Қасқыр мен түлкі

Қасқыр мен түлкі келе жатып бір жартастың үстіне шығады, қасқыр бір қой жеп тойынып алған, түлкі аш. Түлкі жемеген, біраз қайғыланып тұрып, ішін тартады. Қасқыр:

— Түлкім-ау, неге ішің тартасың? — дейді.

Түлкі:

— Бір нәрсеге қайран қалып тұрмын. Бұл жартасқа екі рет келдім. Сенің әкеңнің ерлігіне сондай сүйсіндім, осы жартастан әкең баяғыда секіріп еді, баласы әкесіндей секіре алады дейсіз бе, — дейді. Қасқыр оған сеніп «мені де сынап көрші, секірейін», — деп жартасқа үш
келіп, үш рет қайтады. Түлкі сақылдап күледі. Қасқыр сұрайды:

— Неге күлдің? — деп. Түлкі:

— Ат аңа тартқаныңа күлемін, дәл сен сияқты үш келіп, үш кетіп, төртіншіде секіріп еді, — дейді.

Түлкіге сеніп, төртіншіде жартастан секіргенде қасқыр байғұстың құлап түсіп, белі сынады. Досының құлағанын көріп, түлкі артынан келіп, көтеншегін суырып алып, мырс етіп күледі. Қасқыр:

— Неге күлдің, түлкім? — дейді. Түлкі:

— О, ақым ақ! Баяғыда әкеңді де мақтап-мақтап секіртіп, көтеншегін суырып жепем, — дейді.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама