- 28 нау. 2020 00:00
- 194
Қай атымды сұрайсың?
Жүсіпқалиды сот жауаптап: — Қане, аты-жөніңді айт! — деп қатты жекиді. Сонда Жүсіпқали:
— Қарағым, судья, қай атымды сұрайсың? Әкемнің қойған аты — Жүсіпқали, халықты, елдің қойған аты — Қаракесір. Ал, өкіметтің қойған аты — Жиырма сегіз, — деген екен.
Сот ісі аяқталып, ұзақ жылға іс кесілді. Сот кейбір документтерге «қол қой» деп қатқыл бұйырғанда Жүсіпқали біраз кідіріпті. Соттың төрағасы өте қатал адам болса керек. Ақырып- жекіре бастағанда Жүсіпқали:
— Шырағым, қаламыңды шошаңдатпай, жерге қоя тұршы? Сені мен мені көтеріп тұрған қара жер, ел адамдарын, алаштың азаматтарын нақақ, қарабет етіп жазып отырған сенің қаламыңды да көтерер, — деген екен.