Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 сағат бұрын)
Тумай тұрып болыс болған

Мансапшыл, мақтаншақ біреу өзінен кейінгілерге:

— Мен ертеде болыс болып тұрғанда..., — деп «өтірікті шындай, ақсақты тыңдай» етіп, бөсіп отырады екен. Оның болыс түгіл старшын да, атшабар да болмағанын білетіндер оның жасы тоқсанға келген әкесіне келіп:

— Ақсақал, осы сіздің балаңыз «ертеде болыс болып едім» дейді. Сол рас па? Бұл қай жылдары болған? — деп сұрайды.

Сонда әкесі:

— Қайдам, қарақтарым, ол мен тумай тұрғанда болыс болмаса, мен туғаннан бері болыс болған жоқ, — депті.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама