Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Қазақ әдебиетінен сабақ топтамасы
Топтамадағы сабақ жоспарлар тізімі:
1. Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» (үзінді).
2. Сәбит Мұқановтың әңгімелері «Есіл бойында», «Саятшы Ораз»
3. Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік (тәрбие сағаты)


Сабақтың тақырыбы: Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» (үзінді).
Жалпы мақсаты: 1. Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармасына тоқталу, «Ұшқан ұя» роман үзіндісінен ұлттық тәрбиеге, өнеге, халық даналығы туралы ой бөлісу;
2. Оқушылардың танымдылық белсенділігін арттыру; ойлау әрекетін дамыту;
3. Б. Момышұлының жеке қасиеттерін үлгі ете отырып, ұлттық тәлім - тәрбиені бағалауға, елжандылыққа тәрбиелеу.
Оқу нәтижесі: Автобиографиялық шығарманың үзіндісі арқылы автор бейнесін таниды; ұлттық тәрбиені құрметтейді, патриоттық сезімі артады.
Дереккөздер: Оқулық, дәптер, презентация, түрлі түсті маркерлер, постер, кеспелер, деңгейлі сұрақтар топтамасы.
Сабақ кезеңдері:
1, кіріспе кезеңі. Тренинг.«Тауып көр» әдісі арқылы ынтымақтастық атмосфера қалыптастырады.
Белсенді, интеллектісі жоғары 4 адамнан топ құрылады, сол топтан бір оқушы екінші оқушыны ауа райы анықтамаларын қолдана отырып, сипаттауы тиіс. Қалғандары сол оқушыны табуы тиіс. 3 - 4 рет қайталанады
2. Топқа бөлу. Тілек жазылған суреттер арқылы оқушыларды төрт - төрттен отырғызады.
3. Білу. Үй жұмысын тексеру.
Сыныптың білім деңгейін анықтау мақсатында үйге берілген тапсырма бойынша «Жадылық серуен» ұйымдастырамын.
«Жадылық серуен»тапсырмасы. Мақсатым: Оқушылардың метатанымын дамыта отырып, оқыған материалды есте сақтауға, келешекте қолдануға бағыт беру.

1910 жыл - Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Көлбастау мекенінде дүниеге келді;
1928 жыл - Қызыл Армия қатарында
1932 жыл - Өзбекстанда алғашқы әскери дайындықты өтті
1933 - 1936 жылдары - кіші командирлер дайындайтын курс
1955жыл - Қызыл Армия құрамынан босағаннан кейін жазушылық жолға түсті
1936 - Қиыр Шығыстығы шекаралық әскери құрамы артиллериялық взводының командирі
1941 жылы - 316атқыштар дивизиясының құрамында Ұлы Отан соғысына аттанды
1990 жылы - 1941 - 1945 жылдардағы соғыста көрсеткен асқан ерлігі мен қаһармандығы үшін Кеңес Одағы Батыры атағы берілді
1991 жыл – Халық Қаһарманы деген атақ берілді
2000 жыл - «Ғасыр адамы» деп танылды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама