- 05 нау. 2024 01:04
- 186
Абай шығармасының суретін сипаттау
Бейнелеу 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Абай шығармасының суретін сипаттау
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график - суретші Әбілхан Қастеевтің өмірбаяны туралы мағлұмат және «Абай» тақырыбындағы шығармаларының кескіндемелік туындысын ашу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабаққа қажетті құрал жабдықтар: Қастеев туралы мәліметтер, фотосуреттері. Абай Құнанбаевтің сурет альбомы, қарындаш бояу, т. б.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Жоқ балаларды белгілеу, үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Әбілхан Қастеев (1904 — 1973 жж.) — қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график - суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып - өскен жері — Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі. Топырақ бұйырған жері — Алматы қаласы. Әбілхан қолөнерге, одан соң суретшілік өнерге жастайынан бейім болған. Анасы Айғанша кілем, алаша, бау-басқүр тоқуға, сырмақ сыруға, шым ши жасауға шебер адам болыпты. Әбілхан осы халық өнеріне бала кезінен көз қанықтырып, анасына ою - өрнектер салуға көмектесіп, сурет өнеріне қолын үйретіп өседі. Еңбек жолын Түрксіб темір жол құрылысында жұмысшы болып бастады. Мәскеудегі көркемсурет студияларында Н. Г. Хлудов пен И. Бродскийден сабақ алды (1929 - 1936). Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген.
Оның алғашқы «Тігін үстінде», «Мектепке», «Көгілдір көйлекті қыз» еңбектерінен бастап, «Түрксиб», «Амангелді сарбаздары», «Колхоз тойы», «Қалыңдық» т. б. туындылары халықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Ол «Киіз үйдің ішкі көрінісі», «Қыз Жібек», «Қыз ұзату», «Қос құрбы», «Келін түсіру» тәрізді ұлттық салт - дәстүрге арналған көптеген шығармалар салды. «Афтопортрет», «Қарындасымның портреті» деп портрет салуға ұмтылған атақты суретші кейіннен «А. Құнанбаев», «Ж. Жабаев», «Ш. Уәлиханов», «А. Иманов», «Ғ. Мұратбаев», «К. Әзірбаев» портреттерін бейнелеу арқылы әйгілі адамдарымыздың өшпес тұлғасын кескіндеді.
Соның ішінде бір ғана Абай тұлғасын бейнелеуге «Жас Абай», «Киіз үйдің жанындағы Абай» еңбектерімен қатар классик ақын шығармаларын оқып, әсерлену негізінде салған суреттері бар және осы суреттерге тоқтала кетсек.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.