Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қазақ балалар әдебиетінің жазушылары
Сабақтың тақырыбы:Қазақ балалар әдебиетінің жазушылары
Сабақтың мақсаты: Өткен модуль бойынша алған білімдерін жинақтап, пысықтай отырып, қорытындылау.
Міндеттері: Балалардың ойлау әрекетінің әр түрлі біліктілігін дамыту, есте сақтау қабілетін дамыту, ауызекі сөйлеуге, ауызша да, жазбаша да тіл мәдениеттерін дамыту.
Оқушының тiлiн дамыту, ой-өрiсiн кеңейту, шығармашылыққа жетелеу;
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, қайталау, талдау
Сабақтың көрнекілігі:
Интерактивті тақта, кластерлер, семантикалық карталар, кеспе қағаздар, Мұқағали Мақатаевтың «Есіңе мені алғайсың» әні жазылған диск

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1) Оқушылармен сәлемдесу;
2) Оқушыларды түгендеу;
3) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Тіл дамыту кезеңі.

ІІІ. Үй тапсырмасын қайталау.
Мұғалімнің сөзі: Балалар, біз «Қазақ балалар әдебиетінің жазушылары» модулін аяқтағалы отырмыз. Ертең осы модульдегі соңғы сабақ «Тест. Ақын-жазушылар». Содан соң жаңа модульге көшеміз. Бүгін сабақта біз өткен қазақ балалар әдебиетінің жазушыларын еске түсіріп, тақтадағы кластерлерге сүйене отырып, қысқаша өмірбаяндарына тоқталамыз.
Қане, қандай қазақ балалар әдебиетінің жазушыларын білесіңдер?
Кластерлермен жұмыс. Әр өткен жазушыға кластер жасап, соған балалар сүйене отырып, өмірбаяндарын айтып береді.

Осы ақын-жазушыларға байланысты мынадай тапсырмалар орындаймыз.
1-тапсырма: Сол жақтағы жазушылардың аты-жөніне оң жақтағы шығармалардың қайсысы жататынын стрелкамен көрсетіп, белгілеу.

Жазушылардың аты-жөні Шығармалары
Мұқағали Мақатаев “Менің құрдастарым”, “Бақыт”
Сапарғали Бегалин “Таза бұлақ”, “Кел, балалар, оқылық!”
Бердібек Соқпақбаев “Бала Шоқан”, “Жас бұтақ”, “Хат”
Мұзафар Әлімбаев “Сыйлық”, “Қызғалдақ”, “Парадта”
Саттар Ерубаев “Менің атым-Қожа”, “Бақыт жолы”
Ыбырай Алтынсарин “Отпен ойнама”, “Менің ойыншығым”
Әбіш Кекілбаев “Аққулар ұйықтағанда”, “Өмір – өзен
Өтебай Тұрманжанов “Тасбақаның шөбі”, “Үркер”
Қадір Мырза Әли “Кішкене Қожанасырлар”, “Сабақ ”

2-тапсырма: Сөйлемдегі етістіктің орнын толықтыру. 1. Ол К. Чуковскийдің, Ю. Березиннің, А. Суриковтың, кейбір шығармаларын қазақ тіліне …. 2. Ол қазақ балалары оқитын мектептер ашуды....
3. Ташкентте балалар үйінде....
4. Жазушының сценарийі бойынша «Менің атым-Қожа» фильмі....
5. Ұлы Отан соғысына.... Керекті сөздер: түсірілген, тәрбиеленді, қатысқан, аударған, армандайды.
3-тапсырма: Сөйлемдердің дұрыс, бұрысын ажырату.
Сөйлемдер Дұрыс Бұрыс
Бердібек Соқпақбаев сценарийі бойынша “Менің атым – Қожа ” фильмі түсірілген.
Ыбырай Алтынсарин 1924 жылы Алматы облысында туған.
Мұзафар Әлімбаевтың батырлығы А. Бектің “Волоколамск тасжолы” атты кітабында жазылған
Сапарғали Бегалин 25 жыл “Балдырған” журналын басқарды.
Әбіш Кекілбаев алғашқы Мемлекеттік хатшысы, Парламент Сенатының депутаты болған.
Өтебай Тұрманжанов Ташкентте балалар үйінде тәрбиеленді.
Саттар Ерубаев 1841 жылы Қостанай облысында туған.

Енді біз осы модульде өткен грамматикалық тақырыптарды қайталаймыз. Біз 9 сөз табының ішіндегі жетеуін өткенбіз. Сол 7 сөз табына мен әрбіреуіне семантикалық карталар дайындап әкелдім. Қазір сол семантикалық картада берілген 2-3 сөзді ғана талдап, белгілейміз. Әр картаға мен қай сөз табы екенін жазған жоқпын. Сендер түрлеріне қарап, қай сөз табы екенін табу керексіңдер.
Оқушылар тақтаға шығып, интерактивті тақтадағы семантикалық карталармен жұмыс істейді.
Кеспе қағаздармен жұмыс.
5 балаға кеспе қағаздар таратамын.
№ 1
Септе: ақын
№ 2
Қалау райда тәуелде: аудар
№3
Көптік жалғауларын жалға:
Ақын, жазушы, депутат, аудармашы, қолбасшы, жауынгер, өлең, шығарма, аудан, университет, есім, зерттеуші
№ 4
Өткен шақта жікте: Түсін
№ 5
Фонетикалық талдау жаса:
Жазушы

Қазір, балалар, кеспе қағаздармен жұмыс жасағанша, басқаларымыз өткен ақын-жазушыларымыздың ішіндегі Мұқағали Мақатаевтың «Есіңе мені алғайсың» әнін тыңдаймыз.
Ал, енді уақыт аяқталды әрбір оқушы өздеріне келген кеспе қағаздардағы тапсырмаларды оқып беріңдер, басқаларымыз тексеріп отырамыз. Қателерін табамыз.
Бүгін біз сөз таптарын қайталадық, соған байланысты сөзжұмбақты шешеміз, шешкенде ортасында біз өткен бір сөз табы шығу керек.

Класстың қазақшасы.
Күзден кейін қандай мезгіл келеді?
Қыста қатты жел соғып, күн суытып не болады?
Қыс мезгілінің алғашқы айы?
ҚР астанасы қай қала?
ҚР қандай мемлекет?
Орта білім алатын жер?

Қорытындылау:
1. Қазақ балалар әдебиетінің қандай жазушыларың
білесіңдер?
2. Ыбырай Алтынсарин қашан, қайда туған?
3. Бауыржан Момышұлы кім?
4. Қай жазушы Парламент Сенатының депутаты?
5. Кімнің өлеңдеріне Н. Тілендиев, Ш. Қалдаяқов,
А. Қоразбаев т. б. сазгерлер ән жазды?
6. Қай жазушының сценарийі бойынша “Менің атым –
Қожа” фильмі түсірілген?
7. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? Олар қандай?
Үйге тапсырма:
Сөз таптарын қайталап, “Ақын-жазушылар” тестіне дайындалып келу
Оқушылардың білімін бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама