- 17 ақп. 2021 00:00
- 286
Қазақ радиосының сандуғашы Сауық Жақанова
"Алматыдан сөйлеп тұрмыз. Қазақ радиосында жаңалықтар". Дәл осы сөздерімен дәл осы сөздермен қазақ радиосының саңлақ даусы Сауық Жақанова 46 жыл бойы тыңдармандарды қуантып келген.
Иә, Қазақстанның еңбек сіңірген әртіcі, жоғары категориялы диктор, «Құрмет» орденінің иегері, доцент Сауық Жақанова Мәсіғұтқызы ел білетін танымал жан. «Қазақтың Левитаны» атанған Қазақстанның халық әртісі Әнуарбек Байжанбаевтың мектебінен өтіп, шәкірті атанған Қазақ радиосының сандуғашы Сауық Жақанова он жеті жасынан еңбекке араласқан дарынды диктор. "Университет бітіретін жылы Қазақ радиосы конкурс жариялап, сол жерге барып бағымды сынадым. Міне, сол кезден мен радиодағы жұмысым басталып кетті"- дейді кейіпкеріміз бір сұхбатында.
Жарты ғасыр диктор болып қызмет атқарған Сауық Жақанова осы уақыт аралығында ойға түйгенін, бұл мамандықтың қадір-қасиетін былайша бағалайды: «Радио тыңдаушыға дыбыстап оқу, сөйлеу арқылы жететін ақпарат құралы болғандықтан, бірінші диктордың даусына мән беріледі. Халықтың түсінігінде диктордың радиодағы алатын орны өте жоғары болды.
"Реакциясы, алғырлығы, қабылдауы өте керемет еді. Сауық бес аспап. Соңғы забарларды оқиды. Бес минуттан соң балалар редакциясының хабары тосып тұрады. Көңіл күйді дем арада бейімдеп үлгеретін. Қазір бала болады , енді бір жарты сағаттан кейін әдеби хабарды бере ме, оның іші төгілген ішкі сезімге толған. Мәтінге қалай кіріп кеткенін байқамай қаласың. Дауысы бірден өзгереді." - деп Сауық ханымның әріптестері ол кісінің тума дарын екенін алға тартады.
Мейрбек Баян Мұратбекқызы
Сондай әсерлі уақыттың бірін қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы, белгілі ақын Кеңшілік Мырзабеков былайша жырға қосқан екен. Әрине, бұл жыр диктор Сауық Жақановаға арналыпты:
Соңғы хабар
Сауық диктор оқиды соңғы хабар,
Не айтар екен, япыр-ай, мен қуанар.
Мен қуанар, менімен ел қуанар,
Сауық диктор оқиды соңғы хабар.
Бір жаңалық айтады Сауық қазір,
Қуанышқа боламыз қарық қазір,
Сауық диктор, сен неткен бақыттысың,
Дауысыңды таниды халық қазір.
Дауысыңды таниды халық қазір,
Дауысыңа қуанып қалып та жүр.
Ән айтпадым деме сен, ән айтпай-ақ қой,
Атақтысың талайдан анық қазір.
Тіршіліктің жүректе мәңгі жанар,
Оты өшкенде - күтесің соңғы хабар.
Сауық диктор оқиды соңғы хабар,
Не айтар екен, япырай, мен қуанар,
Меніменен бірлесіп ел қуанар.
Қара сөздің қасиетін қадірлеп, әуезді үнін әуелете білген табиғи таланты мен кәсіби шеберлігі ұштасқан С. Жақанова ЖОО студенттеріне арнап "Сөйлеу техникасы", "Жүргізушінің сөйлеу мәдениеті" кітаптарын жазған.
Еліне еңбегімен сүйкімді бола білген Сауық Жақан Мәсіғұтқызының Қазақ радиосының «Алтын қорында» сақталған тамаша үні келер ғасырға жетер құндылығымен ерекше. Ол кісінің тәрбиелеген өнерлі шәкірттері «ұстазымыз Сауық Жақанова» деп әркез мақтаныш етеді.
Мейрбек Баян Мұратбекқызы
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Журналистика факультеті
1 курс