Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қазақ тілі – ұлттық мәдени, рухани асыл мұра
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Күйкен орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Аманбаева Хадиша

Қазақ тілі 8 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі – ұлттық мәдени, рухани асыл мұра
Сілтеме: Күнтізбелік жоспар, орта мерзімдік жоспар, оқулық. Мұғалімге арналған нұсқаулық, СТО стратегиясы
Жалпы мақсаты: оқушының тіл байлығын дамыту арқылы тілдік құралымдарды өз бетінше талдап меңгере білу, іс - әрекет, ізденімпаздық дағдыларын қалыптастыру. тілді дамыту, сөздік қорын молайту.
Оқыту нәтижесі: СТО - ға үйрете отырып, мәнерлеп оқуға, оны талқылауға үйрету
Топпен бірлесе жұмыс жасай біледі, тақырыпты аша алады, ережеге бағынады, бір - бірін тыңдай біледі
Оқыту формасы: Жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу
Оқуда қолданылатын модульдер мен әдістер Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту үшін және оқуды бағалау. Топтастыру. Миға шабуыл
Құрал – жабдықтар бағалау бетшесі, кеспе қағаздар
Кезең Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс - әрекеті
1 кезең
Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын тексеру Қызығушылықты ояту
Алтын ережемен таныстыру
Жазғы демалыста қай жерлерде болдыңдар, сол туралы әңгімелеу
Оқушылар өздері болған жерлерді суреттеп айтады
2 кезең
Жаңа сабақ: Мағынаны ашу
Қазақтың әдеби тілі - қазақтың ұлттық әдеби тiлi. Қазақ әдеби тілі – сан ғасырлар елеуінен өткен тарихи категория. Әдеби тілдің жазуға қатысын жалпыхалықтық тіл мен әдеби тіл ұғымдарының тепе - тең еместігін түсіндіріп, әдеби тілдің пайда болу, қалыптасу, дамуына және ұлттық сипатқа ие болуына байланысты мәліметтер. Қазақтың ұлттық әдеби тілінің өзекті мәселелері туралы ақпарат. Қазақ зиялылары мен репрессияға ұшыраған қазақ қайраткерлері мұраларының, сондай - ақ өзге де құжаттар тілінің қазақ әдеби тілін дамытуға тигізген ықпалы. Қазақ әдеби тілінің қалыптасу, даму кезеңдері: ауыз әдебиетінің тілі, ерте дәуір мен орта ғасырлардағы әдеби тіл, ХV - ХVІІ ғасырлардағы қазақ әдеби тілі, ХVІІІ ғасырдағы қазақ әдеби тілі, ХІХ ғасырдағы қазақ әдеби тілі, қазіргі замандағы қазақ әдеби тілі. Қазақтың ұлттық әдеби тілінің зерттелуі.
1 - топ. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі.
Дыбыс жүйесі. Дауысты дыбыстар. Тілдің қатысына қарай жуан, жіңішке, жақтың қатысына қарай ашық, қысаң, еріннің қатысына қарай еріндік, езулік дауысты дыбыстар. Дауыссыз дыбыстар. Дауыс пен салдардың қатысына қарай үнді, ұяң, қатаң. Үндестік заңы. Дыбыстар мен буындардың үндесуі туралы түсінік. Үндестік заңының негізгі түрлері. Сөз құрамындағы буындардың бірыңғай жуан немесе жіңішке, еріндік болып үндесуінің себебі. Дыбыстардың өзгеруі мен үндесуі. Буын. Буынның жасалуы. Буынға тән белгілер. Буынның түрлері. Буынның дыбыстық құрамы. Сөздің буын құрамы. Буын және тасымал. Екпін. Екпін туралы түсінік. Екпін мен ырғақ, ырғақтың маңызы. Екпін мен ырғақтың сөз мағынасын саралау қызметі.
Дыбыстық құбылыстар. Редукция. Сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың түсірілуі. Элизия сөз іші мен сөз жігінде қатар келген дауысты дыбыстардың біреуінің түсірілуі. Метатеза. Сөз ішіндегі қатар келген дыбыстардың орын ауыстыруы. Орфография. Орфографияның фонетикалық, морфологиялық, дәстүрлі және ажыратушы принциптері. Олардың артықшылықтары мен қиындықтары. Орфоэпия. Орфоэпияның әдеби тілдегі орны. Орфоэпиялық норманың негізгі өлшемдері. Дауысты, дауыссыз дыбыстардың және кейбір сөздер мен қосымшалардың айтылуындағы ауытқулар. Орфография мен орфоэпияның арақатысы.
Үндестік заңының түрлері. Дыбыс үндестігі: ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал.
Буын үндестігі: тіл, ерін үндестігі. Тіл үндестігі бойынша сөздің барлық буындарының бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке болып үйлесуі. Тіл үндестігіне бағынбайтын қосымшалар.
Ерін үндестігі. Сөз ішіндегі еріндік дауыстылардың үндесуі.
Бейімдестік. Дауысты - дауыссыз дыбыстардың үндесуі. Дауысты дыбыстың орналасу тәртібіне байланысты ілгерінді, кейінді аккомадация түрлері.
Бірге және бөлек жазылатын сөздер.
Кірме сөздер емлесі.
Қазақ тілі дыбыс жүйесінің зерттелуі.
2 - топ. Қазақ тілінің лексикасы.
Сөз мағынасы. Сөз мағынасының түрлері. Сөз мағынасының жіктелуі. Лингвистикалық мағына. Лексикалық мағына. Сөздердің мағыналық топтары. Синонимдер. Омонимдер. Антонимдер. Сөз мағынасының өзгеруі. Сөздердің ауыспалы мағынада қолданылу себептері. Сөздің негізгі мағынасына қоса туынды, ауыспалы мағыналарда жұмсалуы нәтижесінде көп мағыналықтың пайда болуы. Метафора. Метонимия. Синекдоха.
Қазақ тілінің негізгі сөздік құрамы мен сөздік қоры. Терминдер мен кәсіби сөздер. Төл сөздер мен кірме сөздер. Диалектизмдер. Фразеологизмдер. Мақал - мәтелдер. Сөздіктер. Сөздердің шығу тегі. Ономастика. Этимология.
Қазақ тілі лексикасының зерттелуі.
3 - топ. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі.
Сөзжасамдық ұғымдар. Сөзжасамдық ұя. Сөзжасамдық жұп. Сөзжасамдық тізбек. Сөзжасамдық саты. Сөзжасамдық тізбек. Сөзжасамдық мағына.
Сөзжасам тәсілдері. Синтетикалық тәсіл. Аналитикалық тәсіл. Лексика - семантикалық тәсіл.
Сөз таптарының сөзжасамы. Есім сөздердің сөзжасамы. Етістіктің сөзжасамы. Үстеудің сөзжасамы.
4 - топ. Қазақ тілінің сөз жүйесі.
Сөздің грамматикалық мағынасы. Грамматикалық мағынаның түрлері, берілу тәсілдері: қосымша, көмекші сөз, сөздердің орын тәртібі, қосарлану, интонация.
Морфема және оның түрлері. Түбір морфема. Белгілері. Сипаты. Қосымша морфема: жұрнақ және жалғау.
Жұрнақтар. Олардың сөз тудырушы және форма тудырушы белгілері. Құрамы. Жұрнақтардың мағыналық түрлері: омоним, синоним, антоним және көп мағыналы жұрнақтар.
Жалғаулар. Оларға тән белгілер, түрлері. Көптік, септік, тәуелдік және жіктік жалғаулары.
Сөз таптары. Зат есім. Лексика - грамматикалық сипаты. Зат есімнің септелуі, көптелуі, тәуелденуі, жіктелуі. Сын есім. Семантикалық мағынасы. Сын есімнің шырай түрлері, жасалу жолдары. Сан есім. Сан есімнің лексика - грамматикалық сипаты. Дара, күрделі сан есімдер. Сан есімнің мағыналық топтары. Есімдік. Есімдіктің басқа сөз таптарының орнына қолданылуы, мағыналық топтары. Түрлену ерекшеліктері.
Етістік. Лексика - семантикалық және морфологиялық сипаты. Етістіктің рай, шақ, жақ, етіс категориялары. Етістіктің есімше, көсемше формалары. Қимыл - атауы, мағынасы, жасалуы.
Үстеу. Үстеуге тән ерекшеліктер. Негізгі және туынды үстеулер. Үстеудің мағыналық топтары.
Еліктеуіш сөздер. Еліктеуіш сөздердің фонетикалық ерекшеліктері. Мағыналық топтары. Одағайлар. Одайғайдың мағынасына қарай бөлінуі. Негізгі және туынды одағайлар.
Шылау. Шылаудың түрлері. Септеуліктер. Демеуліктер. Жалғаулықтар.
Көмекші есімдер. Лексика - грамматикалық сипаты. Түрлері.
Көмекші етістіктер. Түрлері. Ауыспалы және арнаулы көмекші етістіктер. Қызметі.
Модаль сөздер. Модаль сөздердің сөз табы ретіндегі ерекшелігі, басқа сөз таптарымен арақатынасы. Түрлері.
Қазақ тілі сөз жүйесінің зерттелуі.
5 — топ. Қазақ тілінің сөйлем жүйесі.
Сөз тіркесі. Сөз тіркесінің құрылысы. Сөз тіркесінің байланысу формалары. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері. Сөз тіркестерінің синтаксистік қатынасы. Есімді, етістікті сөз тіркестері.
Сөйлем мүшелері. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері. Жасалуы. Құрамы. Ерекшеліктері.
Жай сөйлем. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінуі. Ерекшеліктері. Жасалу жолдары. Жалаң, жайылма сөйлемдер. Жақты, жақсыз сөйлемдер. Толымды, толымсыз сөйлемдер. Атаулы сөйлем. Ерекшеліктері, жасалу жолдары.
Салалас құрмалас сөйлем. Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдер. Ерекшеліктері. Жасалу жолдары.
Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемдер. Көп құрамды салалас құрмалас сөйлем. Ерекшеліктері. Жасалу жолдары.
Сабақтас құрмалас сөйлем. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері. Грамматикалық белгілері. Байланысу амалдары.
Аралас құрмалас сөйлемдер. Грамматикалық ерекшелігі. Құрамына және байланысу тәсіліне қарай түрлері.
Қазақ тілі сөйлем жүйесінің зерттелуі.
6 - топ. Қазақ тілінің тыныс белгілері жүйесі.
Сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілер. Сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілері. Бірыңғай мүшелердің тыныс белгілері. Жалпылауыш сөздер мен бірыңғай мүшелердің тыныс белгілері.
Оқшау сөздердің тыныс белгілері. Қаратпа, қыстырма, одағай сөздердің тыныс белгілері.
Айқындауыш мүшелердің тыныс белгілері. Оңашаланған айқындауыш. Қосарлы айқындауыш.
Төл сөз бен автор сөзінің тыныс белгілері. Тыныс белгілерінің төл сөз бен автор сөзінің орналасу тәртібіне қарай қойылуы. Тыныс белгілерінің қабаттаса қолданылуы.
Салалас құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілері.
Сабақтас құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілері.
Аралас құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері.
Қазақ тілінің тыныс белгілер жүйесіне байланысты еңбектер.
Сергіту сәті
Барлық топ мүшелері орындайды.
Қазақ тілінің сөйлеу жүйесі.
Әдеби тіл және оның нормалары. Орфографиялық норма. Орфоэпиялық норма. Лексикалық норма. Грамматикалық норма.
Ауызекі сөйлеу тілі және ауызша сөйлеу тілі. Тұрмыстық сөйлеу тілі. Кітаби тілдің ауызша түрлері.
Мәтін және оның түрлері. Ғылыми мәтін. Публицистикалық мәтін. Ресми мәтін. Көркем мәтін.
Тіл мәдениетінің сапалары. Сөздің дәлдігі, сөздің логикалылығы, сөздің тазалығы, сөздің мәнерлілігі, сөздің байлығы, сөздің қисындылығы.
1 - жаттығу. Қазақтың әдеби тілі мәтінін оқып, ойға негіз болған тірек сөздерді тауып мағынасын ашу

Топқа бөлінеді
Оқушылар жұптасып сұрақтарын талқылап, бір - біріне сұрақтар қою арқылы және жаттығу жұмыстары арқылы жаңа тақырыпты меңгеріп отырады.

3 кезең
Сабақты бекіту Ойтолғаныс. Не білдік?
Қазақ тілінің қоғамдағы рөлі
Мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесі
Мақал - мәтелдер айту Белсенділік таныту. Жинаған білімдерін қолдану
Бағалау Өзін - өзі бағалау, формативті бағалау, жиынтықты бағалау
Үйге тапсырма Қазақ тілі туралы асыл мұрамызды оқып келу
Рефлексия

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама