Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қазақ тілінен жылдық қайталау 5-класс
Сабақ жоспары. 5 - сынып. Қазақ тілі.
Сабақтың тақырыбы: Жылдық қайталау
Сабақтың мақсаты:
білімділік: оқушылардың фонетика, лексика, сөзжасам бойынша алған білімдерін еске түсіру, қайталау арқылы бекіту. Білім, білік, дағдыны қалыптастыру.
тәрбиелік: өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру. Тілге құрмет сезіміне тәрбиелеу.

дамытушылық: Тапқырлық, ұтқырлық, логикалық ойлау дағдыларын жетілдіру. Талдау дағдыларын арттыру. Сөз байлығын жетілдіру.

Сабақтың түрі:
Қайталау, білімді бекіту сабағы.
Сабақтың типі:
Сайыс сабағы. Шығармашылық ой дамыту сабағы.
Сабақтың әдісі:
Сұрақ - жауап, көрнекілік әдісі. Талдау, салыстыру, жинақтау, сайыстыру, деңгейлік тапсырмалар, тест.
Сабақтың көрнекілігі:
Интерактивті тақта, слайдтар, таратпа материалдар.
Сабақтың эпиграфы:
Құдіретті жасай бер, анам тілі,
Өзің барда ғажап – ақ ғалам күллі.
Шабыт құйып, сән беріп сендік қуат
Жол көрсетіп, әрлейді әрбір күнді.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.
a) Оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару.
b) Психологиялық әзірлік.
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
c) Қызығушылығын ояту (сабақтың эпиграфын слайдтан оқыту)
Балалар, бүгінгі сабағымыз да жылы лебізден, бойға қуат беретін сөздерден басталды. Ендеше, додаға түсіп жарыспай, жүйріктің бағы жанар ма дегендей, сендердің білім бәйгесіндегі жүйріктіктеріңді сынайтын мезгіл де жеткен сияқты. Бүгінгі сабақ сендердің қазақ тілі пәнініе алған бір жылғы білімдеріңді қорытындылайтын сабақ болмақ. Ендеше «Білім шыңы» сайысын бастайық.
Сайысымыз 3 топтың арасында өтпек. Бұл топтардың атаулары төмендегідей:
1 - қатар – «Фонетика» тобы
2 - қатар – «Лексика» тобы
3 - қатар – «Сөзжасам» тобы
Сайыс төмендегідей бөлімдерден тұрады:
1. Зымыран сұрақтар.
2. Фонетика шыңы
3. Лексика шыңы
4. Сөзжасам шыңы
5. «Жас лингвист» шыңы
Әр бөлім қорытындысы бойынша оқушыларға және топтарға фишкалар беріліп отырады.

1 - бөлім. «Зымыран сұрақтар».
Лексика:
1. Лексика нені зерттейді?
2. Көп мағыналы сөз дегеніміз не?
3. Омоним дегеніміз не?
4. Синоним дегеніміз не?
5. Антоним дегеніміз не?
6. «Эвфемизм» сөзінің шығу төркіні?
7. Идиомалық тіркес дегенді қалай түсінесің?
8. Табу дегеніміз не?
9. Кірме сөз дегеніміз не?
10. Тұрақты тіркес дегеніміз не?
11. Дисфемизмге қарама - қарсы құбылыс.
12. Калифорния академиясының А. Эйнштейн ат. Алтын медаль иегері, Халықаралық «Шахрияр» сыйлығының иегері, Түрік Республикасының Түркі дүниесіне қызмет сыйлығының иегері, ақын?

Фонетика:
1. Фонетика нені зерттейді?
2. Екпін түрлері нешеу?
3. Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөзді табыңыз.
4. Өз құрамында үш буын, жеті әріп бар, Жалпы қарауындағы әріптері құрамындағыдан алты есе көп. Ол не?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама